Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 346 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 346 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

      45-тармақтың "4) ресми сапарларға қатысты Премьер-Министр өкімдерінің жобалары мемлекеттік органдармен бір күн мерзімде келісіледі" деген 4) тармақшасындағы "4)" деген сан "4-1)" деген сандармен ауыстырылсын";

      50-тармақта:

      бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар;";

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      95-тармақтың 16) тармақшасындағы "ұсыныстарды қамтуға тиіс." деген сөздер "ұсыныстарды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      18) Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мақұлданған заң жобасының тұжырымдамасын қамтуға тиіс.";

      107-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының жобасы Кеңсенің хатымен Президент Әкімшілігіне келісуге жолданады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін қорытынды жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкіметтің отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.";

      109-1-тармақта:

      бірінші, екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "109-1. Үкімет бастамашылық еткен заң жобасына Парламент депутаттары түзетулер енгізген жағдайда (оның ішінде оның тұжырымдамасын өзгертуге байланысты, мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді азайтуды көздейтін), Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қорытындысының жобасын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган әзірлейді.

      Үкімет қорытындысының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісіледі (олардың басшылары бұрыштама қояды не мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған тиісті хат ұсынылады) және егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге енгізіледі.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалған мемлекеттік органдар Парламент депутаттары енгізген түзетулерге өздерінің ұсыныстарын немесе қарсылығын әзірлеуші мемлекеттік органға, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жібереді";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеңсеге енгізілгеннен кейін Үкімет қорытындысының жобасы Кеңсенің хатымен Президент Әкімшілігіне келісуге жіберіледі.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет қорытындысының жобасы Үкімет мәжілісінде қаралуға тиіс және шақыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары, Кеңсе Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Кеңсе Басшысы алдын ала бұрыштама қояды.";

      113-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113-1. Заңға тәуелді актілерді сапалы және уақтылы әзірлеу мақсатында Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Президент, Үкімет актілерін, сондай-ақ "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген), мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актiлердің жобаларын қарау үшін жолдайды.";

      114-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің неғұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мен Кеңсеге немесе әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге енгізудің заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауға тиіс нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын.

      Бұл ретте мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуге жатпайтын құқықтық актілерінің қабылданған уақыты оларды әзірлеу мерзімі болып саналады;";

      3) тармақшадағы "тапсырманы көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді:" деген сөздер "тапсырманы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) осы актілерді реттеу саласына жетекшілік ететін нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына әзірленуі мен енгізілуінің уақтылылығына жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының, жауапты хатшыларының, аппарат басшыларының нұсқауын көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді:";

      алтыншы бөлік алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "72-1) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;".

      3. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):

      3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ережеде:

      7-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "заң қызметтерi қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн арттыру, оның iшiнде әдiлет органдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында заң қызметтерi қызметкерлерiн жүйелi түрде тағылымдамадан өткiзу үшiн тұрақты негізде іс-шаралар ұйымдастыру.";

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "заң қызметтері қызметкерлерінің санын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалпы штат санының кемінде 5%-ы болатындай қамтамасыз ету. Орталық аппаратының штат саны 500 және одан көп бірлікті құрайтын мемлекеттік органдарға қатысты 5 %-ды есептеу 500-ден жүргізіледі;";

      8-тармақта:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларының өтуі кезінде, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінде Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына енгізілген депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Премьер-Министр Кеңсесінде және Әділет министрлігінде мемлекеттік орган әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде міндетті түрде қатысады;";

      он бірінші және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 4) тармақшасында көзделген, әділет органдарында тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ орталық атқарушы органың жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға) оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күніне дейін жылына екі рет Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;

      шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Осы Үлгі ереженің 8-тармағының он бірінші абзацына сәйкес ұсынылатын мемлекеттік органның ақпараты:

      1) келісілуге жіберілген Заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының (бұдан әрі – жобалар) және мемлекеттік тіркеуге жататын қабылданған нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) санын;

      2) келісілген жобалардың, тіркелген НҚА санын;

      3) мынадай ескертулердің сипаты бойынша бөлінген:

      Конституцияға қайшы келетін;

      жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

      бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

      редакциялық ескертулер;

      заң техникасы бойынша ескертулер бойынша пысықтауға қайтарылған жобалар және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА санын;

      4) норма шығармашылық қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ақпаратты қамтуға тиіс.

      8-2. Әділет министрлігі жартыжылдық қорытындысы бойынша берілген ақпаратты талдайды және жартыжылдықтан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдарға қорытылған ақпаратты жібереді.

      Қорытуда осы Үлгі ереженің 8-1-тармағында көзделген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдары бар қорытындыны талдау қамтылуға тиіс.".

      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.03.2019 № 108 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 486 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады