Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Жасыл өсу" және орнықты даму индикаторларын енгізу" жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 355 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жасыл өсу» және орнықты даму индикаторларын енгізу» жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жасыл өсу» және орнықты даму индикаторларын енгізу» жобасын іске асыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 355 қаулысымен 
мақұлданған    

                                                               Жоба

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жасыл өсу» және
орнықты даму индикаторларын енгізу» жобасын іске асыру
туралы келісім
 

      Осы жерде және бұдан әрі жеке-жеке «Тарап» немесе бірге «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы төмендегілер туралы келісті:

1. Келісімнің нысанасы

      1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Статистика және статистикалық саясат комитеті осы Келісім шеңберінде «Жасыл өсу» және орнықты даму индикаторларын енгізу» жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жоба шеңберінде ЭЫДҰ орындайтын жұмысты қаржыландыруға келіседі.
      3. Осы Келісімге қол қойылған күнінен бастап жобаның ұзақтығы
18 айды құрайды.

2. Бюджет және қаржыландыру тетіктері

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды өтеуге ЭЫДҰ-ға 30000 (отыз мың) евро сомасында жарна беруге міндеттенеді. Бюджетті пайдалану бойынша есептеу осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада жазылған.
      2. Жарна екі бөлініп төленетін болады:
      24000 (жиырма төрт мың) евро мөлшеріндегі жарнаның бірінші бөлігі осы Келісімге қол қойылып, ЭЫДҰ-дан тиісті шот алынғаннан кейін төленеді;
      6000 (алты мың) евро мөлшеріндегі жарнаның екінші бөлігі ЭЫДҰ-дан тиісті шот алынғаннан кейін 2016 жылғы желтоқсанға дейін төленеді.
      3. ЭЫДҰ бұл жарнаны қазіргі уақытта жарнаның жалпы сомасынан
6,3 % әкімшілік шығындардың (бұл сома өзгеруі мүмкін) өтелуін төлеуді көздейтін ЭЫДҰ-ның қаржылық ережесіне және басқа да тиісті қағидаларына, саясаттары мен рәсімдеріне сәйкес осы қаражатқа иелік ететін болады. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес шығыс ЭЫДҰ-ның шоттарында көрсетіледі және ЭЫДҰ-ның стандартты аудит қағидаларына сәйкес аудит нысанасы болып табылады.

3. Жұмыстар сипаты және есептілік

      1. ЭЫДҰ жобаны осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын
2-қосымшада сипатталғандай жүзеге асырады.
      2. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобаны іске асырылу барысы туралы есепті ұсынады.
      3. Жоба аяқталғаннан кейін алты айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорытынды есепті ұсынады.
      4. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы жылдық есепті ұсынады.
      5. Жоба аяқталғаннан кейін алты ай ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы қорытынды есепті ұсынады.
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі шығындар туралы есепте қаржылық есептілікке қойылатын талаптар ЭЫДҰ есептілігінің стандартты форматына сәйкес сақталатынымен келіседі.

4. Ақпарат алмасу

      1. Тараптар бір-біріне жобаны жүзеге асыру үшін қажетті өзара көмек пен ақпаратты ұсынады.
      2. Тараптар арасындағы кез келген ақпарат алмасу мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті тел.: +7 (7172) 74-90-16, факс: +7 (7172) 74 94 94, эл.мекенжай: statistika@stat.kz.
      ЭЫДҰ үшін: ЭЫДҰ Статистика директораты, Андрэ-Паскаль көшесі, 2, 75116, Париж, Франция, эл.мекенжай: David.Brackfield@oecd.org.

5. Жоба нәтижелерін пайдалану

      1. Жобаның кез келген нысандағы нәтижелері ЭЫДҰ-ның айрықша меншігі болып қалады.
      2. ЭЫДҰ үшінші тараптардың құқықтарын, сондай-ақ осындай қолданылса, құжаттарды жіктеуге және жіктемеден алып тастауға қатысты ЭЫДҰ қағидалары мен регламенті сақталатын болса, ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы жоба қаржыландырылатын зерттеулер шеңберінде дайындалған жарияланымдарды пайдалану, көшірмесін жасау және қағаз көшірмелерін тарату құқығын береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі сондай-ақ жарияланымдарды өзінің веб-сайтында орналастырып, олардың толық редакциясын тарата алады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған жерде үнемі ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын мойындауға тиіс.
      4. ЭЫДҰ осындай жарияланымның тілі мен нысанына қарамастан, қорытынды есепті бірінші жариялау құқығын өзіне қалдырады.
      5. Қорытынды есепте Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға қосқан үлесін тану қамтылатын болады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің рәмізі жарияланым мұқабасының артқы бетінде немесе жарияланымның ішінде жоғарыда көрсетілген танудың жанында орналастырылады.
      6. Жоба барысында ЭЫДҰ-ға ұсынған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. ЭЫДҰ көрсетілген деректер мен ақпаратты өз есебін дайындау мақсатында және жобаны жүзеге асыруға қолдану үшін пайдалануға және/немесе енгізуге құқылы.

6. Дауларды шешу

      Осы Келісімнің болуын, жарамдылығын немесе бұзылуын қоса алғанда, оны түсіндіруден, қолданудан немесе орындаудан туындайтын немесе осыларға қатысты келіссөздер жүргізу жолымен шешілуі мүмкін емес кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық осы Келісімді жасасу күнін қолданыстағы аралық соттың тұрақты палатасының халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер үшін төрелік сотының факультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар түпкілікті төрелік талқылауымен шешіледі. Төрешілердің саны – біреу. Төреші Тараптар арасындағы уағдаластық жолымен таңдалады, егер төрелік талап етілгеннен кейін үш айдың ішінде осындай уағдаластыққа қол жеткізілмесе, төреші жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес Тараптардың бірінің талабы бойынша тағайындалады. Төрелік сот Парижде, Францияда өтеді, барлық іс жүргізу мен берілетін түсініктемелер ағылшын тілінде болуға тиіс.

7. Артықшылықтар мен иммунитеттер

      Осы Келісімде ешнәрсе халықаралық ұйым ретінде ЭЫДҰ артықшылықтары мен иммунитеттерінен бас тарту деп түсіндірілмеуге тиіс.

8. Өзгерістер мен толықтырулар
      

      Осы Келісім Тараптардың өзара келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
 

9. Күшіне енуі

      1. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Ол екі Тарап та одан туындайтын барлық міндеттемелерді орындағанға дейін қолданыста болады.
      2. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндердің арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз төлнұсқа болып табылады.

      Қазақстан Республикасының     Экономикалық ынтымақтастық
             Үкіметінен                 және даму ұйымынан

      Ерболат Досаев                        Мартин Дуран
  Қазақстан Республикасы              Бас статистик және Статистика
Ұлттық экономика министрі              директоратының директоры

Қолы:______________________         Қолы:______________________

Күні:______________________         Күні:______________________

Энтони Дж. Роттьер
Атқарушы директор

Қолы:______________________

Күні:______________________

                                                  1-қосымша

Бюджетті пайдалану бойынша есептеу

        Болжанатын шығыстар

EUR

Персоналға арналған шығыстар

3, 747

Бір адамға арналған қайтарымды төлем

363

Консультанттар

15, 000

Миссия шығындары (ЭЫДҰ штатымен сарапшылар)

9, 000

Өзге де шығыстар(мысалы, басып шығару, фотокөшірмелер, жарияланымдар)

0

ЭЫДҰ-ның әкімшілік шығындары

1, 890

Болжанатын толық сомасы

30,000

      Ескертпе: бюджеттің бір жолындағы кез келген артық шығыс толық бюджет шеңберінде қала отырып, бюджеттің басқа жолындағы жетіспеушіліктің орнын толтыруы мүмкін.

                                                           2-қосымша

«Жасыл өсу» және орнықты даму индикаторларын енгізу» жобасы

1. Ағымдағы жағдай

      Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «жасыл өсу» және орнықты даму индикаторларын енгізу өмірлік маңызды болып табылады.
      Қазақстанның тұрақты даму моделіне («Жасыл экономика стратегиясы») көшуі жөніндегі жуырдағы маңызды шешімі Экономикалық-экологиялық есепке алу жүйесін (бұдан әрі – ЭЭЕЖ) іске асыруды қисынды келесі қадам етеді. Жасыл экономикаға көшу, мысалы, жаңартылатын энергия көздеріне, инвестициялар және энергиямен материалдарды тиімді пайдалануды арттыру арқылы экономикалық өсу үшін ұзақ мерзімді қозғалтқыш болуы мүмкін.
      Экономикалық және экологиялық саясатты бірге талдай отырып, эко-инновацияларды ынталандыру жолдарына қарай отырып және жұмыс орындары мен дағдылар, инвестициялар, салық салу, сауда және дамусияқты экономиканың неғұрлым орнықты үлгісіне көшуге байланысты басқа да түйінді мәселелерді қозғай отырып, ЭЫДҰ экономикалық өсуді дамудың тиімді ресурстық, таза, төмен көміртекті моделімен үйлестіруге көмектесуі мүмкін. Қазақстан «жасыл өсу» индикаторларын әзірлеуді (ЭЭЕЖ тұрақты жұмысын қолдауды да) жасыл экономикаға көшудің ең жақсы түсінігін ілгерілетудің айқын жолы ретінде таниды.

2. Қажеттіліктердің сипаты

      Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуін сипаттайтын және Қазақстан мен оның өңірлері үшін «жасыл» экономиканың даму саясатын қалыптастыру бойынша мемлекеттік органдарға және қоғамдық бірлестіктерге басқарушылық шешімдерді дұрыс қабылдау үшін қажетті «жасыл өсу» индикаторларын енгізу және көрсеткіштер тізбесін әзірлеу бойынша Қазақстан көмекке мұқтаж.
      Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті (бұдан әрі – СК) ЭЭЕЖ құрылымының барлық аспектілері, оны енгізу және жинау бойынша толық және терең статистикалық дайындықты талап етеді. Тренинг «Жасыл өсу» индикаторларын қамтып, Қазақстандағы жағдайдың халықаралық талаптарға қалай сәйкес келуі мүмкін екенін толық және аяқталған түсінігімен қамтамасыз етуі қажет.

3. Ұсыныс

      ЭЫДҰ 2016 жылы Қазақстанда аталған тақырыптардың бірқатары қоршаған ортаның статистика шоттарын жасауда күнделікті жұмысына тікелей қатысатын статистика жөніндегі мамандарға арналған тренингте талқыланатын техникалық семинар ұйымдастыруды ұсынады.
      Тренингтің барлық аспектілері ЭЫДҰ мен СК арасында талқыланатын және келісілетін болады.

4. Күтілетін нәтиже

      Күтілетін нәтиже СК-ның аталған тақырыптар бойынша ағымдағы халықаралық әдіснаманы және халықаралық жаңа стандарттарды жергілікті деңгейде қолдану тәсілдерін толық түсінетінін білдіреді. Бұл Қазақстандағы экологиялық көрсеткіштерді есепке алу халықаралық нормаларға сәйкес келуі үшін қандай іс-қимылдар қабылдау қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады