Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 387 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 387 қаулысымен    
мақұлданған      

Жоба

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы
KEЛICIM

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Армения Республикасының Үкіметі, Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі
      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,
      сауда байланыстарының дамуына ықпал етуге тілек білдіре отырып,
      Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,
      1985 жылғы 22 наурыздағы Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясында көзделген өзінің халықаралық міндеттемелерін орындау қағидаттарына шынайы берілгендігін растай отырып және 1987 жылғы 16 қыркүйектегі Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасынан (бұдан әрі - Монреаль хаттамасы) туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ете отырып,
      өз мемлекеттерінің ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім «Тарифсіз реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 1.1 және 2.1-бөлімдерінде көрсетілген озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді Одақтың кеден аумағы бойынша өткізуге байланысты, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттарды есепке алуға байланысты қатынастарды реттейді.

2-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «қорытынды (рұқсат құжат)» - озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу құқығын растайтын құжат;
      «өтінім беруші» - озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізуге қорытынды (рұқсат құжатын) алу туралы өтініпшен жүгінген, дара кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлға немесе жеке тұлға;
      «құзыретті орган» - қорытынды (рұқсат құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген Тарап мемлекетінің органы;
      «есеп беруші орган» - Монреаль хаттамасының 7-бабында көзделген есепті жолдауға уәкілеттік берілген Тарап мемлекетінің органы;
      «өткізу» - Одақтың тауарлары болып табылатын озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына әкелу және (немесе) әкету.
      Осы Келісімде қолданылатын өзге де ұғымдар Одақ шеңберінде жасалған Монреаль хаттамасына және халықаралық шарттарға сәйкес қолданылады.

3-бап

      Осы Келісімнің күші мына тұлғаларға қолданылады:
      озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізуді, өндіруді, пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      өздерінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға байланысты озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізуді және пайдалануды жүзеге асыратын, дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар;
      жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) озонды бұзатын заттарды қамтитын өнімдерді өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар.

4-бап

      Жеке тұлғаларға жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) озонды бұзатын заттарды өткізуге тыйым салынады.

5-бап

      Тараптар осы Келісімге және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізуге, өндіруге, пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

6-бап

      Озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілген бірыңғай нысан бойынша құзыретті орган беретін қорытындының (рұқсат құжатының) негізінде жүзеге асырылады.

7-бап

      Өтінім берушіге қорытынды (рұқсат құжаты) Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде беріледі.
      Озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді әкелу болжанып отырған Тарап мемлекетінің құзыретті органы, мұндай заттар мен өнімдерді әкелуге қорытынды (рұқсат құжаты) болған кезде, оларды әкету болжанып отырған Тарап мемлекетінің құзыретті органы озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) береді.
      Қорытындылардың (рұқсат құжаттарының) көшірмелері тауардың ілеспе құжаттарына қоса беріледі.

8-бап

      Мына:
      жеке тұлғалардың озонды бұзатын заттарды қамтитын өнімдерді жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) өткізу кезінде;
      бұл көлік құралының жабдықтары мен техникалық қондырғыларының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет, оның ішінде тоңазытқыш қондырғыларына жанармай құю, қосымша жанармай құю, желдеткіш жүйелері, өрт сөндіру құралдары және өзге де жабдық пен техникалық сипаттамаларына сәйкес оларды пайдалану үшін озонды бұзатын заттарды қажет мақсатта және санында әуе, теңіз (өзен), теміржол, автомобиль көлігі құралымен бірге озонды бұзатын заттарды өткізу кезінде қорытынды (рұқсат құжатын) алу талап етілмейді.

9-бап

      Озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді оған (одан) әкелу (әкету) болжанып отырған Тарап мемлекетінің құзыретті органы мұндай заттар мен өнімдерді әкелуге (әкетуге) қорытынды (рұқсат құжатын) берген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде одан (оған) оларды әкету (әкелу) болжанып отырған Тарап мемлекетінің құзыретті органына құзыретті органдармен келісілген форматта электронды пошта арқылы жолдайды.

10-бап

      Өтінім берушілер озонды бұзатын заттардың есебін жүргізеді және жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өз мемлекетінің есеп беретін органына қоса берілген нысан бойынша есепті ұсынады.
      Озонды бұзатын заттар шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар, тоқсанына 1 рет есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-ші күніне дейін өз мемлекетінің есеп беретін органына осы Келісімге қосымшада көзделген нысан бойынша есепті ұсынады.
      Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көрсетілген есепті ұсынудың басқа да мерзімдері, бірақ осы бапта көзделген кезеңнен сирек болмайтын мерзімі белгіленуі мүмкін.

11-бап

      Осы Келісімнің 10-бабында көзделген есепті ұсынбау, сондай-ақ есепте толық емес және дұрыс емес ақпаратты ұсыну Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

12-бап

      Өз аумағында озонды бұзатын заттардың өндірісі бар Тарап мемлекетінің есеп беретін органы жыл сайын, оған озонды бұзатын заттарды өндіруге квота белгіленген жылдың 1 қаңтарына дейін көрсетілген квота көлемін озонды бұзатын заттарды өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғаның назарына жеткізеді.

13-бап

      Есеп беруші орган есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 20 күніне дейін озонды бұзатын заттарды өндіру және өткізу туралы ақпаратты қорытады және Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысы үшін Монреаль хаттамасында белгіленген озонды бұзатын заттарды тұтынудың есепті деңгейіне өз мемлекетінде ықтимал қол жеткізген жағдайда:
      өз мемлекетінің құзыретті органына озонды бұзатын заттарды әкелуге қорытындыларды (рұқсат құжаттарын) беруді тоқтату туралы нұсқауды;
      озонды бұзатын заттар өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға өндірісті тоқтату туралы нұсқауды;
      басқа Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарына Тараптың осы мемлекетіне озонды бұзатын заттарды әкетуге қорытындыларды (рұқсат құжаттарын) беруді тоқтату қажеттігі туралы ақпаратты жолдайды.

14-бап

      Құзыретті органдар:
      Монреаль хаттамасында белгіленген озонды бұзатын заттарды тұтынудың есепті деңгейіне өз мемлекетінде қол жеткізген жағдайда - озонды бұзатын заттарды әкелуге;
      Тараптың тиісті мемлекетіне озонды бұзатын заттарды әкетуге - осы Келісімнің 13-бабының төртінші абзацына сәйкес ақпарат алған жағдайда қорытындыларды (рұқсат құжаттарын) беруді тоқтатады.

15-бап

      Тараптар бір-біріне өз мемлекеттерінің құзыретті және есеп беруші органдары туралы хабарлайды.
      Олар өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

16-бап

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 112-бабында айқындалған тәртіппен шешіледі.

17-бап

      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

18-бап

      Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы депозитарий алған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      _______ жылғы «__» ______ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.

      Армения       Беларусь       Қазақстан        Ресей
Республикасының Республикасының Республикасының Федерациясының
  Үкіметі үшін     Үкіметі үшін    Үкіметі үшін  Үкіметі үшін

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің
өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын
заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және 
озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге
ҚОСЫМША                      

_____ жылғы ______ тоқсанда /20 ________ жылы озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану туралы
ЕСЕП

Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы

Озонды бұзатын заттардың (ОБЗ), қоспалардың ОБЗ атауы (қоспаның пайыздық құрам бөлігінің құрамы)

Есепті жыл басындағы ОБЗ қалдықтарының көлісімі, тонна

Өндірілген ОБЗ, тонна

ОБЗ әкелу

ОБЗ әкету

Пайдаланған немесе сатылған ОБЗ, тонна

Есепті жыл соңындағы ОБЗ қалдығының көлемі, тонна

саны, тонна

заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы, ОБЗ* жеткізушінің есептік нөмірі

жеткізушінің мекенжайы, елі

саны, тонна

заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы, ОБЗ* алушының есептік нөмірі

алушының мекенжайы,елі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

























Жиыны:

-




-

-


-

-



      *Салық салуға жататын табыстар туралы мәліметтерді есепке алу үшін салық органдарындағы өтінім берушілердің есептік нөмірлері:
      Армения Республикасы үшін - СТТН;
      Беларусь Республикасы үшін - СТТН;
      Қазақстан Республикасы үшін - ЖСН/БСН;
      Ресей Федерациясы үшін - СТЖН.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады