Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 517 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Жауапты орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жарты жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жарты жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 517 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Еуропалық Одақтың талаптары

Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар мен қаржыландыру көзі (млн. теңге)

Аяқтау нысаны

1

2

3

4

5

6

7

1. Құжаттардың қаупсіздігі

1.

Шетелге шығу үшін Қазақстан Республикасының құжаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын және жеке басты куәландыратын өзге де құжаттарды дайындау, дербестендіру және беру процесінің тұтастығы мен қауіпсіздігі деңгейін арттыру

Жеке тұлғаларды тіркеу есебінің және оларды құжаттандырудың мемлекеттік ақпараттық жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу
биометрикалық верификациялау және сәйкестендіру жүйесін құру және енгізу үшін Қазақстан Республикасының халықаралық техникалық көмекті қажет етуіне, сондай-ақ мұндай көмекті тарту үшін консультациялар жүргізуге қатысты ұсыныстар дайындау

ІІМ, ИДМ
ІІМ, ИДМ, СІМ, Қаржымині

2016 жылғы II тоқсан

 
2016 – 2017 жылдар
 

талап етілмейді


 
талап етілмейді
 

СІМ-ге ақпарат


 
СІМ-ге ақпарат

2.

Интерполдың «LASP» дерекқорына жоғалған және ұрланған құжаттар туралы деректерді жедел және жүйелі түрде беруді қамтамасыз ету

жоғалған және ұрланған құжаттар туралы ақпаратты қамтитын ұлттық дерекқорды жетілдіру және Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары арасында мұндай деректермен жедел алмасуды қамтамасыз ету және осы деректерді Интерполдың «LASP» дерекқорына беру

ІІМ, СІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2016 жылғы I тоқсан
 

талап етпейді

СІМ-ге ақпарат

Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру рәсімі

3.

Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында заңды негіздерде жүрген шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың жол жүру құжаттарын және жеке басты куәландыратын құжаттарды алуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық актілерге талдау жүргізу

жол жүру құжаттарын және жеке басты куәландыратын құжаттарды беру мәселелерін реттейтін нормативтік актілерді мониторингтеу. Адамдардың аталған рәсімдерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ІІМ, ИДМ, СІМ, ҰҚК (келісім бойынша),

БП (келісім бойынша)

2016 жылғы I тоқсан
 
 

талап етілмейді

СІМ-ге ақпарат

Дербес деректерді қорғау

4.

Дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы жетілдіру және дербес деректерді қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның жұмыс істеуін қамтамасыз ету

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын мониторингтеу және оған өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

СІМ, ИДМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша),

БП (келісім бойынша)

2016 жылғы I тоқсан
 

талап етілмейді

СІМ-ге ақпарат

2. Көші-қон және реадмиссия

Шекараларды басқару

5.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын абаттандыруға және реконструкциялауға байланысты іс-шараларды қажеттілігіне қарай жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдары арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының шекарасында жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау мен тергеу ісінде жандандыру

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы халықаралық өткізу пункттерінің жұмыс істеуін талдау, оны абаттандыру және реконструкциялау жөніндегі ұсыныстар
Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ведомствоаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету

ИДМ, ҰҚК (келісім бойынша)

Қаржымині, ІІМ, СІМ
ҰҚК (келісім бойынша)

Қаржымині, ІІМ

2015 жыл
ішінде
тұрақты

талап етілмейді

 
талап етілмейді

СІМ-ге ақпарат

 
СІМ-ге ақпарат

6.

Биометрикалық (электрондық) шетелдік сапар құжаттарын салыстырып оқитын жаңа технологиялар енгізу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін «электрондық қақпалар» (E-Gates) көп деңгейлі жүйесімен жарақтау

«электрондық қақпалар»
(E-Gates) көп деңгейлі жүйесін енгізуді қоса алғанда, келуді/кетуді есепке алуға арналған рәсімдерді, жүйелер мен технологияларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ИДМ, ІІМ, СІМ, ҰҚК (келісім бойынша)
 

2015 – 2016 жылдар

талап етілмейді

СІМ-ге ақпарат

7.

Ведомствоаралық, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдары арасындағы ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы шекараларындағы жедел ынтымақтастықты басқару жөніндегі еуропалық агенттікпен халықаралық ынтымақтастықты жандандыру

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы есірткінің, қарудың, оқ-дәрінің және жарылғыш заттардың заңсыз өтуіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты түрде ашық ақпарат алмасуды қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасымен шекаралас мемлекеттердің шекара және кеден органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
ЕО-ға мүше мемлекеттердің сыртқы шекараларындағы жедел ынтымақтастықты басқару жөніндегі еуропалық агенттікпен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині
ҰҚК (келісім бойынша), Қаржымині, СІМ
СІМ, ҰҚК (келісім бойынша), Қаржымині

тұрақты

 
тұрақты

 
тұрақты

талап етілмейді

 
талап етілмейді

 
талап етілмейді

ашық ақпаратты мемлекеттік органдардың өз интернет-ресурстарында орналастыру
СІМ-ге ақпарат
СІМ-ге ақпарат

Көші-қонды басқару

8.

Көші-қон саясатына жауапты Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының жұмысын оңтайландыру бөлігінде көші-қон саясатын жетілдіру жөніндегі заңнамалық актілерді қабылдау, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келу және онда болу қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағына оралу рәсімдерін жетілдіру
Ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасына оралатын Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдау және құқықтарын қорғау, көші-қон ахуалын мониторингтеуді қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонмен күресті жандандыру және Қазақстан Республикасындағы заңсыз көшіп-қонушыларды анықтау, сондай-ақ заңсыз көшіп-қонушылар шыққан (олардың транзиті) елдермен адамдардың реадмиссиясы туралы шарттар жасасу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын талдау, оның нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу
заңсыз көшіп-қонушылар шыққан (олардың транзиті) елдермен адамдардың реадмиссиясы туралы халықаралық шарттар жасасу мақсатында келіссөздер жүргізу
шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шыққан елдеріне ерікті түрде оралуы, оларды Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін әзірлеу мен қабылдаудың орындылығын зерделеу
көші-қонды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың функциясына мониторинг жүргізу

ҰЭМ, ІІМ, ДСӘДМ, Қаржымині, СІМ, ИДМ, ҰҚК (келісім бойынша)

ІІМ, ҰЭМ, ДСӘДМ, СІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша)

ІІМ, ҰЭМ, ДСӘДМ, СІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша)

 
СІМ, ДСӘДМ, ІІМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша)

2016 жыл

2015 – 2016 жылдар

2015 жыл
2015 жыл

талап етілмейді

005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

талап етілмейді

талап етілмейді


Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
СІМ-ге ұсыныстар

 
СІМ-ге ақпарат

 
СІМ-ге ақпарат

9.

Мемлекеттік көші-қон саясатын іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының атқарушы билігі орталық органының Қазақстан Республикасындағы көші-қон ахуалын мониторингтеуді жүзеге асыруы, Қазақстан Республикасындағы заңды және заңсыз көші-қонның көлемі мен ағындары туралы ақпаратты жинақтауы және тұрақты түрде жаңартып отыруы

Қазақстан Республикасындағы көші-қон ағындарын басқарудың бірыңғай ұлттық дерекқорын жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу
көші-қон ағындарын басқарудың бірыңғай ұлттық дерекқорын жасау үшін Қазақстан Республикасының халықаралық техникалық көмекті қажет етуіне қатысты ұсыныстар әзірлеу. Мұндай көмектерді тарту жөнінде халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен консультациялар жүргізу

ІІМ, ДСӘДМ, ҰЭМ, ҰҚК (келісім бойынша)
ІІМ, ҰЭМ, СІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша)

2017 жылғы IV тоқсан

 
2016 жылғы IV тоқсан
 

талап етілмейді

талап етілмейді
 

СІМ-ге ақпарат

СІМ-ге ақпарат
 

10.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында адамдардың реадмиссиясы және Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету туралы келісім жасасу

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында адамдардың реадмиссиясы және визалық тәртіпті жеңілдету туралы келісім жасасу жөнінде диалог жүргізуге мандат алу мақсатында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттермен келіссөздер жүргізу
Қазақстан Республикасына ерікті түрде оралу рәсімі бойынша немесе реадмиссия тәртібімен оралған Қазақстан Республикасының азаматтарына құқықтық және өзге көмек көрсету жөнінде үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты жолға қою мақсатында келіссөздер жүргізу

СІМ, ІІМ, ДСӘДМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша)
ІІМ, ДСӘДМ
 
 

процесс аяқталғанға дейін
2015 – 2016 жылдар

005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде
талап етілмейді

СІМ-ге ұсыныстар
ақпаратты мемлекеттік органдардың өз интернет-ресурстарында орналастыру

11.

Қазақстан Республикасындағы заңсыз көші-қонды анықтау және тиісті тәуекелдерді талдау жөніндегі әдіснаманы, оның ішінде мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде тиісті жұмысты жандандыру арқылы жетілдіру, осы салада ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын тереңдету

заңсыз көші-қонды анықтау саласындағы Еуропалық Одақ стандарттарын зерделеу.
Талдау жүргізу және НҚА өзгерту жөнінде ұсынымдар әзірлеу

ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2016 жыл

талап етілмейді
 
 
 
 
 
 
 
 
 

НҚА өзгерістер енгізу (қажет болған жағдайда)

12.

Заңсыз көшіп-қонушыларды тиісінше ұстауға арналған инфрақұрылым жасау және Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өткен немесе Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу рәсімдерін жетілдіру

Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген көшіп-қонушыларды орналастыру пункттерінің және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз уақытша болу пункттерінің желісін дамыту үшін Қазақстан Республикасының халықаралық техникалық көмекті қажет етуіне қатысты ұсыныстар әзірлеу мұндай көмекті тарту бойынша халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен консультациялар жүргізу

ІІМ, ДСӘДМ

ІІМ, ДСӘДМ, СІМ

2015 жыл

2015 жылғы

талап етілмейді

005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

СІМ-ге ақпарат

СІМ-ге ақпарат

3. Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

Ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

13.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясат және оны іске асыру

ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы шараларды әзірлеу жөнінде қабылданып жатқан шараларды талдау

ІІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша)

2017 жылғы II тоқсан

талап етілмейді

СІМ-ге ақпарат

14.

Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау

адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы талдау

ДСӘДМ, ІІМ

2016 жыл

талап етілмейді

СІМ-ге ақпарат

15.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жауапты мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді күшейту

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу қызметтер көрсету процесін автоматтандыру мақсатында көші-қон саласында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын әзірлеу

МҚІСҚА (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

ІІМ, СІМ, ДСӘДМ, ИДМ, ҰЭМ, ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2015 – 2016 жылдар

2016 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

бұйрықтар

16.

Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастырудың (жылыстатудың) немесе терроризмді қаржыландырудың жолын кесу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру

«Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Қаржымині, МҚІСҚА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2017 жыл

талап етілмейді

СІМ-ге ақпарат

17.

Нашақорлықтың таралуына қарсы іс-қимыл, есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Есірткі және есірткіге тәуелділік мәселелері бойынша Еуропалық мониторинг орталығы арасында Өзара түсіністік туралы меморандум жасасу

есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, оның нәтижесі бойынша көрсетілген саладағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында нормативтік және құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу есірткі және есірткіге тәуелділік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мен Еуропалық мониторинг орталығы арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен аталған Орталық арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум жасасу

ІІМ, ДСӘДМ, ҰҚК (келісім бойынша),

БП (келісім бойынша)

ДСӘДМ, ІІМ, СІМ, БП (келісім бойынша)
 
 
 
 
 
 
 
 

2015 – 2016 жылдар

2017 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді
 
 
 

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың шешімі

Меморандум жасасу

18.

БҰҰ мен Еуропа Кеңесінің Ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы халықаралық шарттарына қосылу
 

Қазақстан Республикасы қосылуы қажет ұйымдасқан қылмысқа, нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы халықаралық шарттардың тізбесін айқындау және тиісті ұсыныстар енгізу
Қазақстан Республикасы қосылуы қажет терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласындағы халықаралық шарттардың тізбесін айқындау және тиісті ұсыныстар енгізу

ІІМ, Қаржымині, БП (келісім бойынша)

ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині, БП (келісім бойынша)

2015 жылғы IV тоқсан

2015 жылғы IV тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

СІМ-ге ақпарат

СІМ-ге ақпарат

19.

Нашақорлықтың таралуына қарсы іс-қимыл, есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті іс-шараларды орындау, есірткіні алып қою және оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізуге кінәлі адамдарды ұстау туралы ақпаратты халыққа жария ету арқылы іске асыру;
есірткінің, психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты және халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасуды одан әрі дамыту
 

есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпаратты халыққа жария ету шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты және ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасындағы есірткінің айналымына байланысты ахуалға мониторингті жүзеге асыру
Қазақстан Республикасындағы есірткінің айналымына байланысты ахуалды мониторингтеу жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін қазақстандық мамандарды Еуропалық Одақ стандарттарына сәйкес даярлауға қатысты ұсыныстар әзірлеу

ІІМ, Қаржымині, БП (келісім бойынша)

 
ІІМ, Қаржымині, БП (келісім бойынша)

 
ІІМ, ДСӘДМ, БП (келісім бойынша)

тұрақты негізде
тұрақты негізде
2015 – 2016 жылдар

талап етілмейді

 
талап етілмейді

 
талап етілмейді
 

ашық ақпаратты мемлекеттік органдардың өз интернет-ресурстарында  орналастыру
СІМ-ге ақпарат
СІМ-ге ұсыныстар

Қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық

20.

Қылмыстық істер жөнінде өзара құқықтық көмек мәселелері бойынша құқықтық базаны дамыту

Қазақстан Республикасы қосылуы қажет қылмыстық істер жөнінде өзара көмек туралы халықаралық шарттардың, еуропалық конвенциялардың және оларға хаттамалардың тізбесін айқындау

БП (келісім бойынша)

2015 – 2016 жылдар

талап етілмейді

СІМ-ге ақпарат

Құқық қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастық

21.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық полиция кеңсесінің арасында Жедел ынтымақтастық туралы келісім жасасу

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық полиция кеңсесінің арасындағы жедел ынтымақтастық туралы келісімнің мәтінін келісу мақсатында келіссөздер жүргізу
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық полиция кеңсесінің арасында Жедел ынтымақтастық туралы келісім жасасу

ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

 
ІІМ,ҰҚК (келісім бойынша),

Қаржымині, МҚІСҚА (келісім бойынша),

БП (келісім бойынша)

2016 жыл келіссөздердің қорытындысы бойынша

005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде
талап етілмейді

СІМ-ге ұсыныстар

Келісім жасасу

22.

Қазақстан Республикасының заңнамасын дербес деректерді қорғау саласындағы халықаралық актілердің талаптарына бейімдеу

Қазақстан Республикасы қосылуы қажет дербес деректерді қорғау саласындағы халықаралық шарттардың тізбесін айқындау

СІМ, ИДМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша),

БП (келісім бойынша)

2015 – 2016 жылдар

талап етілмейді

СІМ-ге ұсыныстар

Сыртқы қатынастар, көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жүріп-тұру еркіндігі

23.

Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында заңды негіздерде жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрғылықты жерін немесе болу жерін тіркеу, сондай-ақ мұндай адамдарды тіркеуден шығару рәсімдері айқындалған нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу

Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында заңды негіздерде жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрғылықты жерінде немесе болу жерінде тіркеу және тіркеуден шығару рәсімдері айқындалған нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу.
Қажет болған жағдайда барлық адамдардың көрсетілген рәсімдерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларды жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу

ІІМ, СІМ, ҰҚК (келісім бойынша),

БП (келісім бойынша)
 
 

2016 жыл

талап етілмейді

СІМ-ге ақпарат

24.

Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұру еркіндігі құқығын қорғауды және оларды тіркеу жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұру еркіндігі құқығына және оларды тіркеу жөніндегі талаптарға қатысты хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізу

ІІМ

2016 жыл
 
 

талап етілмейді

ақпаратты мемлекеттік органдардың өз интернет ресурстарына орналастыру

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҚР – Қазақстан Республикасы
      ЕО – Еуропалық Одақ
      ЕК – Еуропалық Комиссия
      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
      ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      МҚІСҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады