Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 526 қаулысы

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарағанды облысында орналасқан Жоғарғы Қайрақты кен орнындағы вольфрам-молибден кендерін бірлескен барлау мен өндіруге келісімшарт жасассын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 526 қаулысына    
қосымша       

Жер қойнауы учаскесінің атауы

Орналасқан жері

1

2

Жоғарғы Қайрақты кен орны

48041/ с.б. 73015/ ш.е.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады