Сауда делдалы ретіндегі жеке және заңды тұлғаларды тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 584 қаулысы

«Тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 584 қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      2015 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы» қаулы (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.
      Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 52-12-бабының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен толықтырылған нормаларын іске асыру мақсатында әзірленді.
      Қаулының қабылдануы нәтижесінде исламдық банктерге «тауар мурабахасы» операциясын жүзеге асыру жолымен шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру мүмкіндігі беріледі.
      Қаулының жобасын қабылдауға байланысты құқықтық салдар болжанбайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз