"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары мен заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына өзгерістер енгізу және "Арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошталық жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1205 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 679 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 195 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2024 № 195 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары мен заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы";

      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      3) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.";

      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының

      жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен бейбіт уақытта қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.".

      2. "Арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошталық жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1205 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1033-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады