Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1331 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 795 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1331 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      2) 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жылына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 30 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасында (Іс-шаралар жоспары):
      реттік нөмірлері 1, 2, 29, 30, 31, 32, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 45, 47, 48, 49, 50, 55, 57, 58, 59, 60-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1

Жобаларды қаржыландырудың бастапқы кезеңдерінде формальды емес венчурлік инвесторлардың инвестицияларын тарту

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, даму институттары

жыл сайын, наурыз

2

Технологиялар трансферті орталықтарын немесе технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты базасында екі жақты орталықтар немесе әлемдік инновациялар орталықтарындағы бір жақты өкілдік форматында технологиялық ынтымақтастық орталықтарын құру мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

жыл сайын, желтоқсан

»;

      «

29

Технологиялық болжау нәтижелері бойынша, оның ішінде пилоттық нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыру арқылы айқындалған Қазақстан үшін сындарлы технологияларды дамыту

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 – 2020 жылдардағы желтоқсан

30

Халықаралық инновациялық ынтымақтастық бағдарламаларына қатысу мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, БҒМ

2014 – 2020 жылдардағы желтоқсан

31

Инновациялық конгресс және Астана экономикалық форумы шеңберінде шетелдік технологиялар көрмесін ұйымдастыру мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

2014 – 2020 жылдардағы желтоқсан

32

Бірлескен ғылыми зерттеулерді қоса қаржыландыруға жеке және халықаралық қорларды тарту

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, ИДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 – 2020 жылдар

»;

      «

34

Тәуекелмен қаржыландыруды (инвестициялауды) дамытуға бағытталған инновациялық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныс

ИДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2015 жылғы маусым

35

Инновациялық жобаларды қаржыландыру бойынша тәуекелдерді басқару тетігін әзірлеу

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2015 жылғы
тамыз

36

Кемінде 10 түйінді инновациялық жобаны іске асыру бойынша жол карталарын әзірлеу

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2015 жылғы
қараша

37

Ғылыми-инновациялық жобаларға кредит беруге кепілдік беру (мемлекеттік емес кепілдік) мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, БҒМ

2015 жылғы
желтоқсан

38

Инновацияларды ынталандыруға бағытталған стандарттау және техникалық реттеу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныс

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2015 – 2017 жылдардағы желтоқсан

39

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының үздік өнертапқыштары мен жаңашылдарына арналған жеңілдікті тұрғын үй құрылысы бойынша ұсыныстар енгізу

ПӘ-ге ақпарат

ҰЭМ, ИДМ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері

2016 – 2017 жылдардағы желтоқсан

40

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында, сондай-ақ болашақта «ИТП» инновациялық кластеріне кіретін объектілерде «жасыл» технологиялар саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер зертханаларын құру мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ЭМ, ИДМ, БҒМ, Алматы қаласының әкімдігі

2016 – 2017 жылдардағы желтоқсан

41

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына кемінде 250 - 350 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «ИТП» ДКФ» АҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы желтоқсан

»;

      «

45

Бәсекеге қабілеттілік рейтингінің (Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі) көрсеткіші «инновациялық әлеует» факторы бойынша 2015 жылға қарай 80-нен төмен емес және 2020 жылға қарай 50-ден төмен емес орынға қол жеткізуді қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

»;

      «

47

Ішкі жалпы өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 1 % және 2020 жылға қарай кемінде 2,5 % жалпы ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

48

Мемлекеттік сатып алу көлеміндегі инновациялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер үлесін 2015 жылға қарай кемінде 5 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 15 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

49

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы аумағындағы жоғары технологиялы шетел компанияларының санын 2015 жылға қарай кемінде 5-ке және 2020 жылға қарай кемінде 10-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

50

Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін 2015 жылға қарай кемінде 20 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 50 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

»;

      «

55

Өнеркәсіп шығыстарында жаңа технологияларды (патенттерді, лицензияларды) сатып алуға кеткен шығындар үлесін 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 30 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

»;

      «

57

Шығарылатын өнім көлеміндегі бесінші (алтыншы) технологиялық деңгей өнімдерінің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 20 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

58

Энергия өндірісі құрылымындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 1 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 3 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

59

Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын көрсетілетін қызметтердің жалпы санындағы электрондық форматқа ауыстырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 50 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 100 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

60

Негізгі капиталға инвестициялар көлеміне қарағанда технологиялық инновацияларға жұмсалатын шығындардың қатынасын 2015 жылға қарай кемінде 7 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 15 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

»;

      ескертпе: аббревиатуралардың жазылуы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі»;
      «ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі»;
      «ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады