Ауғанстан Ислам Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жвлғы 19 қазандағы № 833 қаулысы

      Ауғанстан Ислам Республикасындағы қолайсыз табиғи-климаттық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ауғанстан Ислам Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны айқындасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасының межелі пунктіне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 19 қазандағы
№ 833 қаулысына   
қосымша      

Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар тізбесі

Р/с №

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Вагондар саны

1

2

3

4

5

1

Өсімдік майы

литр

1 000 000

24

2

Металл төсек, жиналмалы


дана

2 000



 
 
 
 
 

1

3

Жылы күртеше

дана

2 000

4

Жылы шалбар

дана

2 000

5

Қасық

дана

2 000

6

Үлкен тостақ

дана

2 000

7

Матрац

дана

2 000

1

8

Қысқы шатыр, 40 орындық

дана

50



 
 
 
 
 

1

9

Көрпе

дана

2 000

10

Жастық

дана

2 000

11

Ақжайма

дана

4 000

12

Жастық тысы

дана

2 000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады