Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі қылмыстық-атқару жүйесiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1054 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» және Талдықорған қаласында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Күзет және қадағалау бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      Министрлiктің қарамағындағы мемлекеттiк мекемелер – аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тiзбесiнде:
      «2. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1 жолмен толықтырылсын:
      «15-1. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.»;
      реттік нөмірі 16-жол алып тасталсын;
      Министрлiктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:
      «2. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 95-жолмен толықтырылсын:
      «95. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет бөлiмi.».
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      1-бөлімде:
      40) тармақша деген мынадай редакцияда жазылсын:
      «

40)

Түзеу мекемелері

9845

                                                                 »;
      мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «

41-1)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет бөлімі

151

                                                                   ».

      4. Алматы облысының әкімдігі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін орналастыру үшін үй-жай бөлуге жәрдем көрсетсін.
      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                  К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады