"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1070 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 203-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртібі" деген 4-бөлімінде:
      2-тармақта:
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Күтілетін кірістер түсімі жоспарланған түсімнен асып кеткен жағдайда, Ұлттық қордан республикалық бюджетке тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін қайтару көзделеді.";
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте Ұлттық қордан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін республикалық бюджеттен қайтару бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған сома қаржы жылының қорытындысы бойынша пайдаланылмаған жағдайда, пайдаланылмаған сома тиісті бюджет қаражатының қалдықтары есебінен Ұлттық қорға қайтарылуға жатады.";
      "Қорытынды" деген 7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Қорытынды
      Осы Тұжырымдама шеңберіндегі шараларды іске асыру Ұлттық қордың жұмыс істеуінің және оның жинақтарын қалыптастырудың оңтайлы моделін таңдаудың негіздерін, инвестициялық стратегияны өзгертуді көздейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізуді талап етеді.
      Осы мақсатта Ұлттық қордың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
      Бюджеттің және Ұлттық қордың теңгерімділігі жөніндегі саясат мемлекеттік бюджеттің 2020 жылы ЖІӨ-нің 6%-ынан аспауға тиіс мұнай емес тапшылығын (шикі мұнайға кедендік әкету баждарын есепке алмағанда) қысқартуға, сондай-ақ кейіннен даму бюджетін ғана қаржыландыруға көше отырып, Ұлттық қордың қаражатынан жұмсалатын ағымдағы шығыстарды қысқартуға бағытталатын болады.
      Жоғарыда баяндалған тәсілдерді ескере отырып, 2020 жылы Ұлттық қордың қаражаты кемінде 70 млрд. АҚШ долларын құрауға тиіс.
      Тұтастай алғанда, осы Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асыру республикалық бюджеттің тұрақтылығын одан әрі қолдауға, экономиканы әртараптандыруға және мұнай кірістерін ұрпақтар арасында қайта бөлуге ықпал ететін болады.".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады