"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 525 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 19 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамардағы № 525 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы»;
      кіріспесі мынандай редакцияда жазылсын:
      «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шеңберінде Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мерзімі - 4 (төрт) жыл;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Астана қаласының әкімдігіне уәкілетті ұйымның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының алдындағы кредитті қайтару бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін 20000000000 (жиырма миллиард) теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт бөлуді көздесін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады