"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысы.

      2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы", Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жылжымайтын мүлік орталығы", Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қосу және қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.07.2019 № 501 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, қоғам жарғысын әзірлеу мен бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.06.2016 № 353; 26.03.2019 № 142; 12.07.2019 № 501 қаулысымен.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 39 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-173-жолмен толықтырылсын:

      "21-173. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 336-1-жолмен толықтырылсын:

      "336-1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 71 қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі 1-тармақ алып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

      көрсетілген қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі 4-тармақ алып тасталсын.

  Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 39 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу жөніндегі мекемелер мен кәсіпорындарды "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары" мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы

      15 тамыздағы № 1261 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 358-құжат).

      2. "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 44, 387-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 382-құжат).

О создании некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 39.

      Вводится в действие с 1 марта 2016 года.

      В соответствии со статьей 11-1 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать республиканские государственные предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр обслуживания населения" Комитета связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан, "Центр по недвижимости" Министерства юстиции Республики Казахстан, "Научно-производственный центр земельного кадастра" Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан и республиканское государственное казенное предприятие "Государственный центр по выплате пенсий" Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан путем слияния и преобразования в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – общество) со стопроцентным участием государства в его уставном капитале.

      2. Основными предметами деятельности общества определить оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организацию работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечение оказания государственных услуг в электронной форме, а также осуществление государственной регистрации прав на недвижимое имущество по месту его нахождения, государственной регистрации юридических лиц, являющихся коммерческими организациями, и учетной регистрации их филиалов и представительств.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 12.07.2019 № 501.

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) совместно с Министерством по инвестициям и развитию Республики Казахстан разработку и утверждение устава общества и его государственную регистрацию в органах юстиции Республики Казахстан;

      2) передачу Министерству цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан прав владения и пользования государственным пакетом акций общества;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 16.06.2016 № 353; от 26.03.2019 № 142; от 12.07.2019 № 501.

      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      6. Настоящее постановление вводится в действие с 1 марта 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 января 2016 года № 39

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "г. Астана" дополнить строкой, порядковый номер 21-173, следующего содержания:

      "21-173. НАО "Государственная корпорация "Правительство для граждан".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      раздел "Министерству по инвестициям и развитию Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 336-1, следующего содержания:

      "336-1. Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан".".

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.12.2018 № 936.
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 17.02.2017 № 71.

      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 "Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 59-60, ст. 555):

      в Положении о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан, пункт 1 исключить.

      6. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 41, ст. 532):

      в Положении о Министерстве юстиции Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства, пункт 4 исключить.

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 января 2016 года № 39

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Пункт 7 постановления Правительства Республики Казахстан от 15 августа 1997 года № 1261 "О преобразовании учреждений и предприятий по оценке и регистрации недвижимого имущества в государственные предприятия "Центры по недвижимости Агентства по регистрации недвижимости и юридических лиц Министерства юстиции Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., № 37, ст. 358).

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1998 года № 1181 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О регистрации залога движимого имущества" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 44, ст. 387).

      3. Пункт 2 дополнений и изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2007 года № 816 "О некоторых вопросах Министерства юстиции Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 34, ст. 382).