"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 305 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «

9)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиешілердің көмекшілеріне залалсыздандырғыш заттармен жұмыс істегені үшін


БЛА-дан 30 %


»;

      2) көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
      реттік нөмірі 3-жолдың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «

7)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жедел медициналық көмек көрсеткені үшін


БЛА-дан 50 %


»;

      3) көрсетілген қаулыға 12-қосымшада:
      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

4.

Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдарының өтіліне қарай:

Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы




3 жылдан астам
5 жылдан астам
10 жылдан астам
15 жылдан астам
20 жылдан астам


ЛА-дан 15 %
ЛА-дан 20 %
ЛА-дан 30 %
ЛА-дан 40 %
ЛА-дан 50 %


».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады