"Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016 - 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және "Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1138 қаулысының 1-тармағының қолданысын тоқтата тұру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 410 қаулысы

      2016 жылғы 23 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі!

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 324-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016 – 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1138 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 585-құжат) 1-тармағының қолданылуы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 23 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады