Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 637 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:
      1) Риддер қаласы «№ 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
      2) Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Оралхан Бөкейдің есімі;
      3) Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 33 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абайдың есімі;
      4) Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 1 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Шәкәрімнің есімі;
      5) Өскемен қаласы әкімдігінің «Көпбейінді № 3 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Шоқан Уәлихановтың есімі;
      6) Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Зәки Ахметовтің есімі;
      7) Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 23 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Мұхамет Шаяхметовтың есімі берілсін.
      2. Мынадай білім беру ұйымдары:
      1) Үржар ауданы «Благодарное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) «Ұлан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Горкий атындағы негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Ғадас Салықов атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Үржар ауданы «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Абылай хан атындағы орта мектеп-балабақша коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) «Күршім ауданы «Шеңгелді негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Жақыпбек Малдыбаев атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің «Қызылағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Мүтән Аймақов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Прииртышский жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Біржан Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) Катонқарағай ауданы «Ленин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) Зырян ауданы «Киров орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Андрей Сумин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) Зырян ауданы «Парыгин орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Михаил Бикетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) Зырян ауданы «Снегирево бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады