Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбір мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 686 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері таратылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісімі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 686 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын республикалық
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің КА-168/4 мекемесі».
      2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің УГ-157/10 мекемесі».
      3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ОВ-156/13 мекемесі».
      4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің АК-159/21 мекемесі».
      5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ГМ-172/1 мекемесі».
      6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ОВ-156/19 мекемесі».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 686 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      «Орталық аппараттың функциялары» деген 16-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 95-46), 95-47) және 95-48) тармақшалармен толықтырылсын:
      «95-46) Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      «95-47) Уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      «95-48) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:
      «2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлімде реттік нөмірі 12, 20, 24, 45, 53, 88-жолдар алып тасталсын.
      2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      1-бөлімде:
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «

17) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

87802,5**

                                                                   »;
      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «

40) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің қылмыстық жазаны орындайтын мекемелері мен органдары

14969

                                                                   »;
      41) тармақша алып тасталсын.
      3. «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014ж., № 72-73, 659-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
      «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормалары» деген 2-тарауда:
      қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-алдын алу мекемелерін медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың № 22 заттай нормасында:
      «14. Операциялық бөлімше» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 12-жолдағы 2-баған орыс тілінде жаңа редакцияда жазылады, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады