Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру туралы шартты іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 723 қаулысы

      Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру туралы шарттың 9-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру туралы шартты іске асыру үшін уәкілетті органдар болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады