"Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 178 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

"Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 313-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелігі туралы";

      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне (бұдан әрі - халықаралық ұйымдар) мүшелігінің құқықтық шарттарын айқындайды.";

      3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігі

      1. Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта Қорының (бұдан әрі - ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (бұдан әрі - ХКДБ), Халықаралық Қаржы Корпорациясының (бұдан әрі - ХҚК), Халықаралық Даму Қауымдастығының (бұдан әрі - ХДҚ), Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігінің (бұдан әрі - ИККА), Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталықтың (бұдан әрі - ИДРХО), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің (бұдан әрі - ЕКДБ), Азия Даму Банкінің (бұдан әрі - АДБ), Ислам Даму Банкінің (бұдан әрі - ИДБ), Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (бұдан әрі - АИИБ) мүшесі болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы барлық түзетулерін қоса алғанда, ХВҚ, ХКДБ, ХҚК, ХДҚ, АИИБ келісімдері баптарына, ИДБ Құрылтай шартына, ИККА құру туралы конвенцияға және Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялар саласында дауларды реттеу туралы конвенцияға, ЕҚДБ, АДБ құру туралы келісімдерге қатысушы мемлекет болып табылады және тиісінше ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ЕКДБ, АДБ, АИИБ Басқарушылар кеңесі қарарларының Қазақстан Республикасының осы халықаралық ұйымдарға мүшелігіне қатысты ережелері мен шарттарын қабылдады.

      3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы ХВҚ Қарыз алудың арнайы құқықтары департаментіне қатысушының барлық міндеттемелерін қабылдады.";

      4) 2-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі арқылы қарыздар тартуға, қаржыландырудың басқа да нысандарын пайдалануға және Қазақстан Республикасының атынан қарыздар туралы тиісті келісімдердің шарттарына және қарарлардың, келісімдердің тиісті баптарының, құру туралы келісімдердің, конвенциялардың немесе Құрылтай шартының Қазақстан Республикасының осы халықаралық ұйымдарға мүшелігіне қатысты ережелеріне сәйкес ХКДБ-ге, ХҚК-ге, ХДҚ-ға, ИККА-ға, ЕКДБ-ге, АДБ-ге, ИДБ-ге, АИИБ-ге сомалар төлеп отыруды қамтамасыз етуге уәкілетті.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ХКДБ, ХҚК, ХДҚ, АИИБ келісімдерінің баптарына, ЕҚДБ, АДБ құру туралы келісімдерге және ИККА құру туралы конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының ХКДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ЕКДБ, АДБ, АИИБ мүшелігіне қажет болуы немесе сай келуі мүмкін басқаға берілмейтін сыйақысыз борыштық міндеттемелердің кез келгенін шығаруға уәкілетті.";

      5) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Халықаралық ұйымдармен қатынас жасасуға уәкілетті мемлекеттік органдар

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының қаржы органы ретінде ХҚДБ Келісімі баптарының 2-бөлімі III бабының талаптарына сәйкес іс-қимыл жасайды.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының атынан ХҚДБ, АИИБ Келісімі баптарының, ЕКДБ, АДБ құру туралы келісімдердің, ИДБ Құрылтай шартының ережелерінде көзделген барлық операциялар мен мәмілелерді орындауға уәкілетті.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының қаржы органы ретінде ХВҚ Келісімі баптарының 1-бөлімі V бабының талаптарына сәйкес іс-қимыл жасайды.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының атынан ХВҚ Келісімі баптарының ережелерінде көзделген барлық операциялар мен мәмілелерді орындауға уәкілетті.

      3. Қазақстан Республикасының тиісті. халықаралық ұйымдармен байланыс арнасы ретінде ХҚК Келісімі баптарының 10-бөлімі IV бабының, ХДҚ Келісімі баптарының 10-бөлімі VI бабының, ИККА Құру туралы конвенцияның 38-бабы V тарауының, ЕҚДБ Құру туралы келісімнің 34-бабы VI тарауының, АДБ Құру туралы келісімнің 38-бабы VI бөлімінің талаптарына сәйкес - Қаржы министрлігі, ал ИДБ Құрылтай шартының 40-бабы V бөлімінің талаптарына және АИИБ Келісімі баптарының 33-бабы VI тарауының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын лауазымды тұлға белгіленді.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келісімдердің тиісті баптарына, құру туралы келісімдерге, конвенцияларға немесе Құрылтай шартына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы түріндегі барлық авуарлардың, сондай-ақ ХВҚ-ның, ХКДБ-ның, ХҚК-ның, ХДҚ-ның, ИККА-ның, ЕҚДБ-ның, АДБ-ның, ИДБ-ның, АИИБ-ның басқа да активтерінің депозитарийі ретінде тағайындалады.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі ХВҚ, ХКДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ЕКДБ, АДБ, ИДБ, АИИБ басқарушылар кеңестеріне, ИДРХО Әкімшілік кеңесіне Қазақстан Республикасының өкілі (Басқарушы) ретінде Қазақстан Республикасының атынан міндеттерді орындау үшін тиісті лауазымды адамды, сондай-ақ Басқарушы болмаған кезде міндеттерін орындау үшін барлық өкілеттіктер берілген оның орынбасарын тағайындауға уәкілетті.";

      6) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Халықаралық ұйымдардағы мүшелікке байланысты операцияларды жүзеге асыру

      ХВҚ, ХКДБ, ХҚК, ХДҚ, АИИБ келісімдері баптарының, ИККА Құру туралы конвенцияның, ЕКДБ, АДБ құру туралы келісімдердің, ИДБ Құрылтай шартының ережелерінде көзделген операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы төлеуге немесе Қазақстан Республикасына төленуге жататын сомалардың аударылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жүзеге асырылады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады