Жамбыл облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 236 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

      1) "Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 1 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейхановтың есімі;

      2) "Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 53 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаратай Тұрысовтың есімі;

      3) "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің "№ 2 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейхановтың есімі;

      4) "Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің № 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ғазиз Байтасовтың есімі;

      5) "Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

      6) "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің "№ 2 Балалар саз мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Әбілахат Еспаевтың есімі берілсін.

      2. Мынадай білім беру ұйымдары:

      1) "Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің Чапаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің Әзімбек Жанқұлиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің "№ 13 Аркадий Гайдар атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынов атындағы № 13 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады