"Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 247 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

      Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы

      2013 жылғы 2 сәуірде Нью-Йоркте жасалған Қару саудасы туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) оның 13-бабының 2-тармағын түсіндіру туралы мынадай мәлімдемемен ратификациялансын:

      "Қазақстан Республикасы Шарттың объектісі мен мақсаттарын тани отырып және Шарттың 28-бабына қарамастан, Шартты қолдану кезінде Шарттың орыс тіліңдегі мәтінінің 13-бабының 2-тармағындағы "қайта бағыттау" деген термин "заңсыз қайта бағыттау" деп түсінілетінін мәлімдейді".

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады