"Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 252 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:

      "

6

Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін реконструкциялау

60871593

2017 –2036

53868667 мың теңге, 180,0 млн. АҚШ долларына дейін балама

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады