2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 298 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2017 жылғы 15 қаңтарда Әбу Дабиде жасалған 2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 298 қаулысымен
бекітілген

2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      (2017 жылғы 3 қарашада күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 6, 84-құжат, 2018 ж., № 1, 7-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі

      2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Келісімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім".

      2. Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тараптар Келісімді іске асыру мақсатында бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіруі үшін жарамды құжаттар тізбесіне мынадай құжаттарды енгізуге уағдаласты:

      - Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

      дипломатиялық паспорт;

      қызметтік паспорт;

      - Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары үшін:

      дипломатиялық паспорт;

      арнайы паспорт.

      Бір Тарап мемлекетінің азаматтары – осы баптың 1-тармағында көрсетілген паспорттардың иелері, екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқандарын қоспағанда, дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлері екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пунктері арқылы визасыз келуге және кетуге, оны кесіп өтуге және онда келген күннен бастап 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы.".

      3. Келісімнің бүкіл мәтіні бойынша "дипломаттық паспорт" деген сөздер тиісті түрде "дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорт" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруден немесе қолданудан туындайтын кез келген келіспеушіліктер мен даулар Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер арқылы шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттама белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттік ішкі рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.

      ________ қаласында 20__ жылғы "___" ______ әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Біріккен Араб Әмірліктерінің

Үкіметі үшін

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады