2017 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 323 қаулысы

2017 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына және "Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 3 ақпандағы № 34 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштеріне түзету жүзеге асырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы қаулыға қол қойылған кезден бастап бір ай мерзімде стратегиялық жоспарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 323 қаулысына
қосымша

2017 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы

      мың теңге

Функционалдық топ
 

Атауы

Өзгерістер
(+/-)


Әкімші
 



Бағдарлама
 




І. Шығындар

0

3



Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі



221


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі




002

Сот сараптамаларын жүргізу

- 2 429 404



062

Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалар бойынша қызметтер

- 3 375 174



065

Сот сараптамалары бойынша қызметтер

+ 5 804 578


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады