"Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 723 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 394 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 723 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен мақұлданған Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімнің жобасында:

      3-баптың 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын;

      5-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың функциялары мен міндеттерін мемлекеттік орган (мемлекеттік ұйым) жүзеге асыратын мүше мемлекеттерде міндетті аудит осы баптың ережелері ескеріле отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады