"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 шілдедегі № 421 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-4) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы 2016 жылдың қорытындысы бойынша таза кірісінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жібереді;";

      мынадай мазмұндағы 2-6-тармақпен толықтырылсын:

      "2-6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының иелігінде қалған, 2016 жылдың қорытындысы бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін Қазақстан Республикасының банктік және қаржы жүйелерінің тұрақтылығын сақтауға ықпал ететін жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жіберуді қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады