Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысы.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      1. 2041 жылға дейінгі кезеңге "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Ақтау теңіз порты" АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары;

      2) "Оңтүстік" АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары;

      3) "Павлодар" АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары;

      4) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы" АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.08.2021 № 558 қаулысымен.

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 04.12.2018 № 802 қаулысымен

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында Маңғыстау облысы Ақтау қаласының, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.

      АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

      АЭА аумағы 1926,1719 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 107 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      2. АЭА республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесiне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту, тиiмдiлiгi жоғары, оның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, өңірдің туристік әлеуетін жоғарылату және келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ әлеуметтiк проблемаларды шешу мақсатында құрылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 22.01.2020 № 9 қаулысымен.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      3-1. АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлерін көрсетілген тізбеге енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      Ескерту. Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.08.2021 № 558 қаулысымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2021 № 78 қаулысымен.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4. Кедендiк реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.

      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. Экологиялық реттеу бөлiгiнде АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.

6. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертiлуi мүмкiн.

      17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


  "Ақтау теңіз порты"
арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары

      Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.



Р/с №

Аймақтар атауы:

Ауданы, гектар

1

Порттық аймақ

371,6719

2

Индустриялық аймақ

1554,5


Жиыны:

1926,1719

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

      Ескерту. Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.10.2024 № 903 қаулысымен.

Р/с

Мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең 2023 жыл

2027 жылға қарай қол жеткізу

2032 жылға қарай қол жеткізу

2037 жылға қарай қол жеткізу

2042 жылға қарай қол жеткізу

2047 жылға қарай қол жеткізу

2052 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

нысаналы индикатор

нысаналы индикатор

нысаналы индикатор

нысаналы индикатор

нысаналы индикатор

1

2

3

4

6

7

8

9

10

11

1.

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд теңге

290

340

390

440

490

540

590

1.1

Шетелдік инвестициялардың көлемі

млрд теңге

170

175

185

200

220

245

275

1.2

Отандық инвестициялардың көлемі

млрд теңге

120

165

205

240

270

295

315

2.

АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд теңге

450

490

500

520

550

590

640

3.

Қатысушылар саны

компаниялар

50

55

60

65

70

75

80

4.

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

2300

3300

3500

3700

3900

4100

4300

5.

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесінің орташа мәні

%

50

53

58

63

68

73

78

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Шымкент қаласының аумағында орналасқан.

      АЭА-ның аумағы 225,0001 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2021 № 78 қаулысымен.

      2. АЭА:

      1) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың және шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу;

      2) Қазақстан Республикасының мақта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту;

      3) тоқыма өнеркәсібін дамыту;

      4) тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркалары өндірушілерін тарту;

      5) жоғары технологиялық өндірістер құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту және түр-түрін көбейту;

      6) химия, мұнай-химия саласын дамыту мақсаттарында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2021 № 78 қаулысымен.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4. Кедендiк реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.

      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. Экологиялық реттеу бөлiгiнде АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.

6. Қорытынды ережелер


      16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертiлуi мүмкiн.

      17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Оңтүстік" арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары

      Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2021 № 78 қаулысымен.


"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы S = 225,0001 га

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.08.2021 № 558 қаулысымен.
      Ескерту. Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2021 № 78 қаулысымен.

Р/с
Мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері (атауы) Өлшем бірлігі Базалық кезең 2019 жыл 2020 жылға қарай қол жеткізу 2025 жылға қарай қол жеткізу 2030 жылға қарай қол жеткізу
нысаналы индикатор нысаналы индикатор нысаналы индикатор
1 2 3 4 5 6 7

1.

Жалпы инвестициялар көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

29,6

38,6

45,5

54,2

1.1

Шетелдік инвестициялар көлемі

млрд. теңге

2,5

4,5

5,1

7,3

1.2

 
Отандық инвестициялар көлемі

 
млрд. теңге

 
27,1

 
28,5

 
40,4

 
46,9

2.

Арнайы экономикалық аймағының аумақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

53,9

72

147

253

3.

Өңір экономикасының шикізаттық емес секторына инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)

%

0,1

0,3

0,3

0,3

4.

Қатысушылар саны

компаниялар

33

40

45

50

5.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылатын жұмыс  орындарының саны

адам

1500

3500

4200

5000

6.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

70

70

70

70

7.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында жалпы өндiрiс көлемiндегi өнiм экспортының үлесі

%

50

50

50

50

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

      1. "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп ауданының аумағында орналасқан.

      АЭА аумағы 1200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.08.2021 № 558; 30.01.2024 № 46 қаулыларымен.

      2. АЭА:

      1) химия, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда жоғары технологиялық экологиялық қауіпсіз қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін дамыту;

      2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосымша құны жоғары бәсекеге кеңінен қабілетті өнімді шығару бойынша химия, мұнай-химия салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

      3) өндіру мен өткізудің бүкіләлемдік жүйесіне қазақстандық өнімнің интеграциялануын жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнім жасау;

      4) химия және мұнай-химия салаларында тиімділігі жоғары және инновациялық өндірістер, соның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру;

      5) қолайлы инвестициялық ахуал құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестициялар тарту мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде химия, мұнай-химия салаларын кешенді дамыту;

      6) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне енуін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту;

      7) басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;

      8) әлеуметтік мәселелерді шешу, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;

      9) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда, әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру;

      10) тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдерді кеңінен шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі өндіруші өнеркәсіп, оның ішінде металлургия, металл өңдеу, метал емес минералдық өнімдер, резина және пластмасса бұйымдары металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру мақсатында құрылған.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      3-1. АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлерін көрсетілген тізбеге енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      Ескерту. Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.08.2021 № 558 қаулысымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2021 № 78 қаулысымен.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

3. АЭА-ның аумағында салық салу


      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      9. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. АЭА қызметін экологиялық реттеу бөлігінде жүзеге асыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшін жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға негізделеді.

6. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

      17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Павлодар" арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары

      Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.


Р/с №

Аймақтар атауы:

Ауданы, гектар

1

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағы

1200


Жиыны:

1200

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.08.2021 № 558 қаулысымен.
      Ескерту. Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2021 № 78 қаулысымен.

Р/с № Мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері(атауы) Өлшем  бірлігі Базалық кезең2019 жыл 2021 жылға қарай қол жеткізу 2026 жылға қарай қол жеткізу 2031 жылға қарай қол жеткізу 2036 жылға қарай қол жеткізу
Нысаналы индикатор Нысаналы индикатор Нысаналы индикатор  
Нысаналы индикатор
1 2 3 4 6 7 8 9

1.

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

74,5

 
80

 
156

 
257,3

 
394,1

1.1

Шетелдік инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

 
17,3

 
19

 
37

 
61

 
93,4

1.2

Отандық инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

 
57,2

 
61

 
119

 
196,3

 
300,7

2.

Арнайы экономикалық аймағы аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру
көлемі

млрд. теңге

 
120,2

 
166,5

 
347

 
867,5

 
2071

3.

Өңір экономикасының шикізаттық емес секторына салынатын инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)

%

7

7

7

10

10

4.

Қатысушылар саны

компаниялар

20

25

25

28

30

5.

Арнайы экономикалық аймағы аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

500

1350

1670

1885

2000

6.

Арнайы экономикалық аймағы аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

 
65

65

70

70

70

7.

Арнайы экономикалық аймағы аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі

%

20

30

40

50

50

8.

Еңбек өнімділігін арттыру

есе

1,6

1,7

1,9

2

2,5

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Алматы облысының Панфилов ауданының аумағында орналасқан.

      АЭА Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес шегі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

      АЭА-ның аумағы 608,56 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 22.05.2019 № 307 қаулысымен.

      2. АЭА:

      1) шекара маңында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту;

      2) экспортқа бағдарланған салаларды дамыту;

      3) кәсіпкерлік және инвестициялық ортаны жандандыру;

      4) көлік инфрақұрылымын, туризмді және мәдени өзара іс-қимылды дамыту;

      5) аумағында АЭА орналасқан Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Астана қаласында 2005 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісіммен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 22.05.2019 № 307 қаулысымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2021 № 78 қаулысымен.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 22.05.2019 № 307 қаулысымен.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА-ның аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      9. Еркiн кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.

      10. АЭА-ның аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

      АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық пошта алмасу орындары құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.

      11. АЭА-ның аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мен өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдалануы мүмкін.

      12. АЭА аумағына әкелінген және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан тауарлар ретінде қаралады.

      13. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      14. АЭА қызметін жүзеге асыру өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделеді.

6. АЭА-ны тарату тәртібі мен мерзімдері

      15. АЭА құрылған мерзімі аяқталған соң таратылады.

      АЭА уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен таратылады.

7. Қорытынды ережелер

      16. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 22.05.2019 №307 қаулысымен.

      17. АЭА-ның осы Ережемен реттелген қызметi Қазақстан Республикасының және Евразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


  "Қорғас" шекара маңы
ынтымақтастығы
халықаралық орталығы" арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге қосымша

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының жоспары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 22.05.2019 № 307 қаулысымен.



      "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" Жалпы ауданы S = 608,56 Га

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.08.2021 № 558 қаулысымен.
      Ескерту. Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2021 № 78 қаулысымен.

Р/с № Мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері (атауы) Өлшем бірлігі Базалық кезең 2019 жыл 2021 жылға қарай қол жеткізу 2026 жылға қарай қол жеткізу 2031 жылға қарай қол жеткізу 2036 жылға қарай қол жеткізу 2041 жылға қарай қол жеткізу
нысаналы индикатор нысаналы
индикатор
нысаналы индикатор нысаналы индикатор нысаналы индикатор
1 2 3 4 5 6 7 8 9

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

 
млрд. теңге

55,5

196,1

316,1

436,1

490,1

520,1

1.1

Шетелдік инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

15,4

124,8

220,8

316,8

360

384

1.2

Отандық инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

40,1

71,3

95,3

119,3

130,1

136,1

2

АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

-

-

46

66

75

80

3

Қызметтің қосымша түрін жүзеге асыратын адамдар саны

бірл.

0

4

7

10

15

17

4

Қатысушылар саны (компаниялар)

адам

33

40

70

90

100

110

5

 
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

170

2 086

3 363

4 639

5 214

5 533

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

-

-

14,5

14,5

14,5

14,5

7

Тауар тасымалының көлемі (экспорт, импорт, транзит)

мың тонна

39,4

45,5

67,8

78,3

90,2

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады