Тәжікстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 721 қаулысы

      Тәжікстан Республикасына ізгілік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Тәжікстан Республикасына iзгiлiк көмек көрсету үшін 1000 (бір мың) тонна көлемінде мазут сатып алуға 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 128685200 (бір жүз жиырма сегіз миллион алты жүз сексен бес мың екі жүз) теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны айқындасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Тәжікстан Республикасындағы межелі пунктке дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады