Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2026 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қарашадағы № 760 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2026 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

      Жоба

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2026 жылға
дейінгі әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы
ШАРТ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы

      стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге ұмтыла отырып, жалпы қабылданған нормалар мен халықаралық құқық қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

      Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында сауда, экономикалық байланыстарды ұлғайту және әртараптандыру қажеттілігін атап көрсете отырып,

      Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасында бар экономикалық, өндірістік, қаржылық және басқа да мүмкіндіктерді неғұрлым тиімді пайдалану қажеттілігін сезіне отырып,

      тең құқықтық және өзара тиімді сауда-экономикалық және өндірістік қатынастарды одан әрі нығайту мен дамытуда, оларға ұзақ мерзімді және тұрақты сипат беруде, екі мемлекеттің экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалануда өзара қызығушылығын ескере отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2026 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы бағдарламаны (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырады.

2-бап

      Бағдарламаны іске асыру барысымен байланысты мәселелерді қарауды Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жүзеге асырады.

      Тараптар екі мемлекеттің экономикалық қатынастарының шарттық-құқықтық базасын жетілдіруге ерекше назар аударады.

      Тараптар кәсіпкерлік және өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ өзара қызығушылық танытқан жобаларды іске асыру үшін қолайлы экономикалық жағдай жасауға жәрдем көрсетеді.

      Тараптар өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес жекешелендіруге қатысуға жәрдем көрсетеді.

4-бап

      Тараптар өздерінің экономикаларын әртараптандыру және оларды жаңа технологиялық негізге ауыстыру салаларындағы ұлттық басымдылықты ескере отырып, екіжақты экономикалық, сауда, ғылыми және техникалық байланыстарды дамытады.

      Тараптар экономиканың әртүрлі салаларында, ең алдымен өнеркәсіптік және отын-энергетикалық кешенде, құрылыста, ауыл шаруашылығында, туризмде өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетеді.

      Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және екі мемлекеттің нарықтарына ілгерілету, аграрлық сектордың ғылыми ұйымдары арасындағы жан-жақты байланыстарды тереңдету саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді.

      Тараптар өздері жүзеге асыратын әлеуметтік-экономикалық түрлену саласында ынтымақтастық жасайды, өндірістік кооперацияны дамытады және бірлескен өндірістік кәсіпорындарды құрады.

      Тараптар түбегейлі нормалар мен халықаралық құқық қағидаттарына сүйене отырып, өздерінің сыртқы сауда және экономикалық саясатын жүргізеді.

5-бап

      Осы Шартты іске асыру барысында туындайтын келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.

6-бап

      Осы Шарттың ережелері өздері қатысушы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Шарт күшіне енуі үшін көзделген тәртіппен күшіне енетін, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.

8-бап

      Осы Шарт оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Тараптар соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Осы Шарттың қолданысын тоқтату Бағдарламаға сәйкес іске асырылуы осы Шарт қолданысы кезеңінде басталған жобалардың жүзеге асырылуын қозғамайды.

      201_ жылғы "" қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі екі мәтін де тең түпнұсқалы болып табылады және күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы
Үшін
Беларусь РеспубликасыҮшін

  Қазақстан Республикасы мен
Беларусь Республикасы
арасындағы 2026 жылға дейінгі
әлеуметтік-экономикалық
ынтымақтастық туралы шартқа
қосымша

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2026 жылға дейінгі
әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы
БАҒДАРЛАМА

      I. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

      Осы Бағдарламаны Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы (бұдан әрі - Тараптар) екі мемлекеттің арасындағы өзара тиімді экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстарды одан әрі кеңейту, ұлттық экономика салаларындағы өндірістік ынтымақтастықта айтарлықтай прогреске қол жеткізу және осы негізде өзара сауда айналымын арттыру жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру мақсатында әзірледі.

      Осы мақсаттарды іске асыру үшін осы Бағдарламада Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының мемлекеттік органдардың мынадай негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимылы көзделеді: экономикалық өзара іс-қимыл саласында:

      тең құқықты және өзара тиімді шарттарда сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және әртараптандыру;

      өндірістің өсуі үшін стимул тудыру, ғылымның ең жаңа жетістіктері мен озық технологияларды енгізу, шығарылған өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      өндірістік кооперацияларды дамыту, бірлескен өндірісті Кұру және екі жақты экономикалық жобаларды іске асыру;

      екі мемлекет аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілерге адал бәсекелестікке жағдай жасау;

      валюта-қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамыту, қаржылық нарықтар саласындағы реттеуді үйлестіру және қаржылық нарыққа қатысушылардың өзара кіру рұқсатын кеңейту, бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын реттеуді жетілдіру;

      биржалық тауарлардың интеграцияланған нарығын құру; инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, оның ішінде стратегиялық транзиттік әлеуетін күшейту мақсатында бірлесіп қатысу;

      ұлттық тауар өндірушілердің өнімін жарнамалау және тауарларды өзара ілгерілету мақсатында сауда-экономикалық іс-шараларды (көрмелер, жәрмеңкелер, бизнес-форумдар, іскерлік кездесулер) тұрақты өткізу;

      экономикалық ынтымақтастық жобалары бойынша өзара іс-қимыл; ғылыми-техникалық ынтымақтастық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда күш-жігерді үйлестіру;

      атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту;

      жаңартылған энергия кездері саласындағы ынтымақтастықты дамыту; ұлттық компаниялардың Батыс Еуропа - Батыс Қытай бағытындағы көліктік бағдарлар құрылысына және реконструкциясына қатысу;

      ғарышты бейбіт мақсатта игеру саласындағы бірлескен бағдарламалар мен жобаларды дамыту;

      экономикама әртараптандыруды жеделдетуге бағытталған инновациялық ынтымақтастықты дамыту;

      өндірістік кооперацияларды іске асыру үшін құқықтық негіздерді құру; өңіраралық ынтымақтастықты, инвестициялар, шағын және орта бизнес, жекешелендіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту;

      мемлекеттік мүлік және жекешелендіруді басқару, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы ынтымақтастықты дамыту;

      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастықты іске асыру;

      табиғатты қорғау саласындағы, ормандарды және су ресурстарын басқару, экологиялық мониторинг саласындағы ынтымақтастықты кеңейту;

      климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету және климаттың өзгеруіне бейімделу, табиғатты ұтымды пайдалану;

      өзара қызығушылық білдіретін сауда-экономикалық, сондай-ақ ғылыми-техникалық сипаттағы ашық ақпарат алмасу; агроөнеркәсіптік кешен саласында:

      Тараптардың агроөнеркәсіптік секторы ұйымдарының арасында тікелей байланысты орнату және тәжірибе алмасу, оның ішінде пайдаланудың жаңа технологиясын өндіру, қайта өңдеу бойынша ынтымақтастықты кеңейту, ауыл шаруашылығы өнімін сақтау және өзара жеткізу;

      агроөнеркәсіптік кешен проблематикасы бойынша ғылыми-техникалық ынтымақтастық, оның ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстары саласындағы жетістіктер туралы ақпарат алмасу;

      көлік және ақпараттық технологиялар саласында:

      қолданыстағы көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін екі мемлекеттің тиімді географиялық орналасуын пайдалана отырып, көлік-коммуникациялық ынтымақтастықты дамыту;

      жолаушылар және жүк тасымалын дамыту, Тараптардың транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы

      ынтымақтастықты кеңейту;

      геоақпараттық және жаһандық жұйелерді (QIS, GPS) пайдалану саласында тәжірибе алмасу;

      гуманитарлық ынтымақтастық саласында:

      гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту және дамыту, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларда өзара іс-қимыл жөніндегі шараларды дайындау және іске асыру;

      білім және мәдениет, спорт және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту;

      еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту;

      денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту;

      келісілген мамандықтар тізбесі бойынша тиісті деңгейдегі мамандарды дайындау, мамандармен, ғалымдармен, аспиранттармен және студенттермен өзара алмасуды кеңейтуге және дамытуға жәрдемдесу;

      зияткерлік меншік саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту.

      II. Экономикалық ынтымақтастықты дамыту

      Тараптар арасындағы сауда ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету көп жақты және екі жақты шарттық міндеттемелер шеңберінде тиімді іс-қимыл, есеп айырысу жүйелерін жетілдіру, жалпы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі міндеттемелерді ескере отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысты өзара сенім ахуалын құру арқылы өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.

      Осы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына:

      екі мемлекеттің заңнамасына сәйкес Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің; Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының объектілерін жекешелендіру бағдарламаларына өзара қатысуына жәрдемдесу; .

      салалық жобалар мен ынтымақтастық бағдарламаларын қалыптастыру және іске асыру жатады.

      Екі мемлекет арасындағы сауда қатынастарын ұйымдастыру және жүзеге асыру қажетті ресми статистикалық ақпаратпен белсенді алмасуды, бірінші кезекте өзара сауда бойынша деректерді сәйкестендіруді болжайды.

      Осы Бағдарламаны жүзеге асыру процесінде прогрессивті өнім түрлерін шығаруды ұлғайтуға, шикізаттық ресурстарды тиімді кешенді пайдалануға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының шаруашылық субъектілері арасындағы тікелей байланыстарды нығайту және дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылдануда.

      III. Бірлескен әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру

      Бағдарламаны іске асыру кезеңінде Тараптар денсаулық сақтау, мәдениет және өнер, спорт, жастар саясаты, туризм, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы, сондай-ақ әртүрлі салаларға жоғарғы білікті кадрларды даярлау және мамандар, ғалымдар, аспиранттар, тағылымдамадан өтушілер және студенттер алмасу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға назар аударады.

      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында өзара байланыстарды нығайту жөнінде шаралар қабылдайды.

      IV. Бағдарламаны іске асыру тетігі

      Осы Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының мемлекеттік органдарының және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Бағдарламада көзделген нақты іс-қимылдарды орындауы арқылы жүзеге асырылады.

      Осы Бағдарламаның іске асырылу барысын үйлестіру мен бақылауды Қазақстан-Беларусь сауда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жүзеге асырады.

      Бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан-Беларусь суда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның ұлттық бөліктерінің төрағалары Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2026 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы шарт күшіне енгеннен кейін Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.

      Бағдарламаны және іс-шараларды іске асыруға байланысты шығындарды қаржыландыру Тараптардың мүдделі шаруашылық жүргізу субъектілерінің есебінен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады