Байланыс формасы

Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2042 жылға дейінгі кезеңге "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі;

      "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген

"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Астана қаласының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан.

      АЭА-ның аумағы 631,92 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2018 № 476 қаулысымен.

      2. АЭА:

      1) инвестицияларды тарту, қолда бар және тартылған озық технологияларды, ноу-хау пайдалану, заманауи инфрақұрылымды құру жолымен Астана қаласын инновациялық дамыту;

      2) тиімділігі жоғары, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру;

      3) жаңа технологияларды дамытуды жеделдету, зерттеулерді жүргізудің ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын одан әрі жетілдіру, жаңа технологияларды әзірлеу, оларды коммерцияландыруға жәрдем көрсету мақсаттарында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) басқа да азық-түлік өнімдерін өндіру;

      2) ұн тарту және жарма өнеркәсібінің өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру;

      3) фармацевтикалық препараттар өндіру;

      4) шыны және шыныдан жасалатын бұйымдар өндіру;

      5) абразивті бұйымдар мен басқа да металл емес минералды өнімдер өндіру;

      6) басқа да металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер өндіру;

      7) басқа дайын металл бұйымдарын өндіру;

      8) компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндіру;

      9) сәулелендіру жабдықтарын, электрлік-медициналық және электр терапиялық жабдықтар шығару;

      10) электр қозғалтқыштарын, генераторлар, трансформаторлар және электр таратқыш және реттеу аппаратурасын шығару;

      11) электр жарықтандыру жабдықтарын шығару;

      12) электр сымдары мен электр өткізгіш құралдарын шығару;

      13) басқа санаттарға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар шығару;

      14) жалпы мақсаттағы машиналар шығару;

      15) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      16) бағдарламалық қамтылымды шығару;

      17) компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе қызметтер;

      18) сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынаулар мен талдау саласындағы қызмет;

      19) ғылыми зерттеулер және әзірлемелер;

      20) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;

      21) денсаулықты қорғау бойынша өзге де қызмет.

      22) инфрақұрылымдық объектілерді, сондай-ақ осы тармақтың 1) – 26) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру;

      23) әкімшілік және тұрғын үй кешендерінің, жоғарғы және орта оқу орындарының, көпфункционалдық жабық бульвар құрылысы;

      24) фармацевтикалық өнімдер өндірісі;

      25) медициналық және стоматологиялық құралдар және жабдықтар өндірісі;

      26) үйлер мен ғимараттар құрылысы, азаматтық құрылыс және мамандандырылған құрылыс жұмыстары.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 31.07.2018 № 476 қаулысымен.

      5. Қызмет түрлері бойынша жобаларды іске асыру басым түрде "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының "Astana Business Campus" паркінің ғылыми әзірлемелер бойынша жобаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.

1. АЭА-ны басқару

      6. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА аумағында салық салу

      7. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      8. АЭА аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қызметтiң басым түрлерi жүзеге асырылатын АЭА немесе оның бір бөлігінің шегінде қолданылады.

      Еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен АЭА-ның қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың АЭА аумағында орналастыруына және (немесе) пайдалануына арналған тауарлар орналастырылады.

      10. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында оның периметрі бойынша арнайы қоршаулар орналастырылады және жабдықталады.

      11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

      12. АЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылады және пайдаланылады.

      13. АЭА аумағына әкелінген және еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждар, салықтар, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан ретінде қарастырылады.

      14. Тауарларды уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік тазалаумен және шығарумен, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылауды жүргізумен байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. АЭА-да қызметті жүзеге асыру өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдайлар жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделген.

6. АЭА-ны тарату тәртібі және мерзiмдерi

      16. АЭА құрылған мерзiм өткен соң таратылады. АЭА-ны Қазақстан Республикасының Үкіметі таратады.

7. Қорытынды ережелер

      17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Астана-Технополис" арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге қосымша

      Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2018 № 476 қаулысымен.

"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағының жоспары



      "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағының аумағы S = 631,92 га.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген

      Ескерту. Нысаналы индикатор жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2018 № 476 қаулысымен.

"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі

Р/с №

Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2022 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде

2027 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде

нысаналы индикатор

шекті
деңгей

нысаналы индикатор

шекті
деңгей

1

2

3

5

6

7

8

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

5,2

3,5

40

20

1.1

шетелдік инвестициялар көлемі

млрд. теңге

1,7

0,8

8

4

1.2

отандық инвестициялар көлемі

млрд. теңге

3,5

2,7

32

16

2

АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

1,6

0,8

100

40

3

Қатысушылар (компаниялар) саны

бірлік

12

6

38

15

4

Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамдардың саны

адам

7

3

13

7

5

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

1000

500

3000

900

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

15%

5%

20%

10%

7

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі

%

3,7

1

4,8

2

      кестенің жалғасы

2032 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде

2037 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде

2042 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде

нысаналы индикатор

шекті
деңгей

нысаналы индикатор

шекті
деңгей

нысаналы индикатор

шекті
деңгей

9

10

11

12

13

14

100

50

200

20

300

26

20

10

40

20

60

30

80

40

160

80

240

120

150

60

250

100

400

160

62

30

75

35

85

40

35

15

47

25

53

30

4500

1100

6000

1600

6000

2500

25%

13%

30%

18%

35%

23%

6,2

3

8

4

10

5

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген

"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада Астана қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан.

      "Астана – жаңа қала" АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 7 018,72 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына алаңы 598,1 гектар № 1 индустриялық парк және алаңы 72,41 гектар қалалық жеңіл рельс желісі және алаңы 1,9 гектар жергілікті атқарушы органның аумағы кіреді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2018 № 476 қаулысымен.

      2. АЭА:

      1) инвестициялар тарту және құрылыста озық технологияларды пайдалану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылымды құру арқылы Астана қаласын жеделдете дамыту;

      2) тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру мақсатында құрылады.

      3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      сусындар өндіруді;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

      4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

      5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

      4. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы"
2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      5. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

2. АЭА-ны басқару

      6. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

3. АЭА аумағында салық салу

      8. АЭА аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      9. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қызметтің басым түрлері жүзеге асырылатын АЭА аумағының бөлігінде қолданылады.

      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың АЭА аумағында орналастыруына және (немесе) пайдалануына арналған тауарлар орналастырылады.

      11. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағының шекаралары оның периметрі бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.

      12. АЭА аумағында Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

      13. АЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге кедендік рәсімдерге орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.

      14. АЭА аумағына әкелінген және еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар кедендік баждар, салықтар, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде орналастырылған ретінде қаралады.

      15. Уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, тауарларды кедендік тазартумен және шығарумен, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізумен байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      16. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келу, кету, транзитпен өту мен болу тәртібі қолданылады.

6. Қорытынды ережелер

      17. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

      18. АЭА "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.

      19. АЭА-ны тарату рәсімін Астана қаласының әкімдігі жүзеге асырады.

      20. АЭА-ны құрылған мерзімінің өтуіне байланысты тарату кезінде Астана қаласының әкімдігі:

      1) көрсетілген мерзім өткенге дейін үш айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ны алдағы тарату, оның таратылуымен байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыруды жариялайды;

      2) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;

      3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынады.

      21. АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы Ереженің 20-тармағында көзделген рәсімдерді сақтай отырып аяқталуға тиіс.

      22. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



  "Астана – жаңа қала" арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге қосымша

      Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2018 № 476 қаулысымен.

"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары



      "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағы S = 7 018,72 га


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген

"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі

Р/с

 

Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер (атаулары)

Өлшем бірлігі*

База лық кезең (2011)

2017 жылға қарай қол жеткізу

2012

2013

2014

2015

2016

2017

Шекті деңгей

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Жалпы инвестициялар көлемі, оның ішінде (ұлғайтумен)**:

млрд. теңге

911

975,8

1040,6

1105,4

1170,2

1235

1300

1100


шетелдік инвестициялар көлемі

млрд. теңге

101

101,2

101,3

101,5

101,6

101,8

102

101


отандық инвестициялар көлемі

млрд. теңге

810

874,6

939,2

1003,8

1068,4

1133

1198

999

2

АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі**

млрд. теңге

35

40,8

46,6

52,4

58,2

64

70

40

3

Қатысушылар саны

компаниялар

24

28

33

37

41

45

50

30

4

Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар саны

адам

50

58

64

72

81

89

100

50

5

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (ұлғайтумен)

адам

950

1375

1800

2225

2650

3075

3500

1500

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі

%

15

20

25

30

35

40

45

25


      кестенің жалғасы

2022 жылға қарай қол жеткізу

2027 жылға қарай қол жеткізу

2018

2019

2020

2021

2022

Сындарлы деңгейі

2023

2024

2025

2026

2027

Сындарлы деңгей


12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

1

1350

1400

1450

1500

1550

1300

1620

1690

1760

1830

1900

1500


104

105

107

108

110

102

111

112

113

114

115

110


1246,4

1294,8

1343,2

1391,6

1440

1198

1509

1578

1647

1716

1785

1390

2

80

90

100

110

120

60

126

132

138

144

150

75

3

52

55

58

60

62

35

64

67

70

75

80

50

4

110

120

130

140

150

75

160

170

180

190

200

100

5

3700

3900

4100

4300

4500

2000

4700

4900

5100

5300

5500

2750

6

46

47

48

49

50

30

52

54

56

58

60

35

      Ескертпе:

      * - индикаторлар көрсеткіштері ұлғаю қорытындысымен келтірілген;

      есептеу кезінде қолданылған бағам: 1 АҚШ доллары - 333 теңге.

      ** - тартылған инвестициялар сомасы АЭА құрылған сәттен (2002 жылдан) бастап ұлғайтыла көрсетілгеніне, ал тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі 2010 жылдан бастап іске қосылған өндірістерге сәйкес көрсетілгеніне байланысты АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі инвестициялар сомасынан аз. Бүгінгі күні 47 кәсіпорын өндіруді жүзеге асырады, 1 объекті салыну сатысында және 13 жоба жобалау сатысында.

      Астана қаласының № 1 индустриялық паркі бойынша инвестициялар көлемі 140 000 млн. теңгені құрайды, кәсіпорындардың жобалық қуатына шыққанынан кейінгі өндіріс көлемі жылына 175 720 млн. теңгені құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады