Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздерді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге қосылу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 811 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2016 жылғы 7 маусымда Бішкекте жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздерді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге қосылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2016 жылғы 7 маусымда Бішкекте жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздерді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін 2016 жылғы 7 маусымда Бішкекте жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздерді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосылатыны туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады