2014 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 844 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған 2014 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке 2014 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 844 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

2014 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы және Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі,

      2014 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді (бұдан әрі "Негіздемелік келісім" деп аталады) негізге ала отырып,

      әріптестік стратегиясының қағидаттарына негізделетін және: (і) экономиканың шикізат емес секторына басым түрде инвестициялар тарту; (іі) жеке кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту; (ііі) шағын және орта кәсіпорындарды дамытуды ынталандыру; (iv) Қазақстан Республикасының институционалдық және адами капиталын дамыту және (v) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және орнықты өңірлік дамуды қамтамасыз ету шараларының сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға күш-жігер жұмсағанда Үкіметке қолдау көрсетуге бағытталған әріптестікті жалғастыру мақсатында,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Негіздемелік келісімге мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Жалпы ережелер" деген 5-бөлімнің 5.2-тармағында "Осы Әріптестік туралы негіздемелік келісім оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады." деген сөздер "Осы Әріптестік туралы негіздемелік келісім оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады." деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


      2017 жылғы " ___ " _______ Астана қаласында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды, бұл ретте ағылшын тіліндегі нұсқаның басым күші болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Халықаралық Қайта Құру және ДамуБанкі үшін
     
      Халықаралық Қаржы
Корпорациясы үшін
     
      Инвестициялар Кепілдігінің
Көпжақты Агенттігі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады