"МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" акционерлік қоғамының стратегиялық объектісіне ауыртпалық салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 917 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" акционерлік қоғамына стратегиялық объектіге ("ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамына Кеңқияқ – Атырау магистральді мұнай құбырының талшықты-оптикалық кабелінде орналасқан төрт бір модты оптикалық талшықты жалға беру бойынша) ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады