"Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы және "Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 70 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы және "Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 699-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасында:

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімі;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган тізімдеме бойынша қабылдайды, оның көшірмесін өтініш берушіге береді.

      Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде кемшіліктерді жою үшін оларды өтініш берушіге қайтарады. Өтініш беруші кемшіліктерді жойған кезде құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес қаралады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады