Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 200 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 сәуірдегі
№ 200 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):

      2-тармақтың 1) және 5) тармақшалары алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат.):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      104) тармақша алып тасталсын;

      130), 339-12), 339-13) және 339-16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "130) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жасалған бизнес-жоспарға қорытынды дайындау;";

      "339-12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жасалған бизнес-жоспарға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тарту;

      339-13) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын келісу;";

      "339-16) экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамалары мен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын келісу;";

      17-тармақтың 125) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "125) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобалардың және концессия шарттарының конкурстық құжаттамасын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде келiсу;".

      3. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1056 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 529-құжат):

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бизнес-жоспарлар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаматтамасын бағалау мен сараптаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бизнес-жоспарларына сараптама жүргізу;";

      4) тармақша алып тасталсын.

      4. "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарды тартуын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 293-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары бекітілсін.";

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарды тартуын келісу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 сәуірдегі
№ 200 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 601 қаулысымен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары

      1. Осы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес әзірленді және топішілік қаржыландыру бойынша мәмілелерді және мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында және Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасында белгіленген шектеулер шеңберінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін айқындайды.

      2. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылатын Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      3. Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектордың жоспарланатын қаржы жылына арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекітеді.

      5. Бюджет параметрлері өзгерген жағдайда немесе квазимемлекеттік сектордың түзетілген қарыз алу жоспарлары негізінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының бекітілген шекті көлемін түзетуге жол беріледі.

      6. Квазимемлекеттік сектор субъектілері өз міндеттемелерін орындауды сыртқы қарыз алу шеңберінде дербес қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады