Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 мамырдағы № 262 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

                                                                        Жоба

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың 8-бабының 1-тармағына "Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін қолдана бастаған күннен бастап үш жылдық кезеңге"деген сөздер"2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған мерзімге"деген сөздермен ауыстырыла отырып,өзгеріс енгізілсін.

2-бап

      Осы Хаттама 2018 жылғы 12 тамыздан бастап уақытша қолданылады және депозитарий осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама заңнамасында халықаралық шарттарды уақытша қолдану мүмкіндігі көзделмейтін мүше мемлекет үшін осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осындай мүше мемлекет орындаған күннен бастап және 2018 жылғы 12 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Заңнамасында халықаралық шарттарды уақытша қолдану мүмкіндігі көзделмейтін мүше мемлекетке қатысты осы Хаттаманы Қырғыз Республикасы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осындай мүше мемлекет орындағаннан кейінгі айдың 1-ші күнінен бастап қолданады және ол 2018 жылғы 12 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      2018 жылғы "____" _____________ ____________________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі болаотырып,әрбір мүше мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасы
үшін

БеларусьРеспубликасы
үшін

ҚазақстанРеспубликасы
үшін


ҚырғызРеспубликасы
үшін

РесейФедерациясы
үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады