Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 358 қаулысы.

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидалары;

      2) байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1593 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 192-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 47-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 358 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі – ЖІІ), қарсы барлау іс-шараларын (бұдан әрі – ҚБІ) техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың талаптары өз қызметін жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілерінде жүзеге асыратын байланыс операторларына және (немесе) байланыс желілерінің иеленушілеріне қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ЖІІ, ҚБІ жүргізу құралдары – ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функцияларын қамтамасыз ету үшін телекоммуникациялық жабдықтың құрамына кіретін аппараттық және (немесе) бағдарламалық құралдар;

      2) сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі – СРО) – сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлғалар;

      3) телекоммуникациялық жабдықтың иеленушілері (бұдан әрі – жабдықтың иеленушілері) – телекоммуникация жабдықтары ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функцияларын қамтамасыз ететін байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерінің иеленушілері;

      4) тестілік қосылу – ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу үшін телекоммуникациялық жабдық функциялары жұмысының дұрыстығын тексеру мақсатында байланыс немесе сервис операторының телекоммуникациялар желілеріне қосылуы;

      5) ұлттық қауiпсiздiк органдарының уәкiлеттi бөлiмшелері – байланыс операторларымен және (немесе) байланыс желілері иеленушілерімен өзара іс-қимыл үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындайтын ұлттық қауіпсіздік органдарының бөлімшелері.

2-тарау. Байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету тәртібі

      4. Техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді, күзет дабылы мен бейнебақылау жүйелерін қолдануды қоса алғанда, ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізуге арналған функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтың жұмыс істеуін және оның сақталуын жабдықтың иеленушілері өз қаражаты және (немесе) тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етеді.

      5. ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу үшін телекоммуникациялық жабдықтың функцияларын қамтамасыз ету кезінде жабдықтың иеленушілері өз қаражаты және (немесе) тартылған қаражат есебінен:

      1) ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу үшін телекоммуникациялар желісінің қажетті арналық және техникалық ресурстарын;

      2) жедел іздестіру қызметін (бұдан әрі – ЖІҚ), қарсы барлау қызметін (бұдан әрі – ҚБҚ) жүзеге асыратын органдардың абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін;

      3) өзінің барлық абоненттерін техникалық және ұйымдастырушылық шаралармен тіркеу және сәйкестендіру жүйелерін іске асыруды;

      4) байланыс объектілерінде орналасқан ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтың сақталуы мен қауіпсіздігін;

      5) электрмен жабдықтауды, жерге тұйықтауды, климаттық жағдайларды, өрт қауіпсіздігін қоса алғанда, ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды;

      6) барлық байланыс желілерінде ЖІІ, ҚБІ жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін;

      7) ЖІІ, ҚБІ жүргізу нысандары мен әдiстерiнің ашылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды;

      8) ұлттық қауiпсiздiк органдарының уәкiлеттi бөлiмшесiн сервистік қызметтердің, жаңа байланыс қызметтерiнiң, коммутациялық жабдық нөмірлерінің пайдалануға берілуі және (немесе) өзгеруі туралы хабардар етуді;

      9) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға ұялы байланыс желілерінің, оның ішінде тестілік режимде жұмыс істейтін базалық станциялардың орналасуы туралы мәліметтерді ай сайын ұсынуды;

      10) ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтың жұмысында туындаған ақауларды дереу жоюды қамтамасыз етеді.

      6. СРО ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесінің жүгінуі бойынша ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарға берілген сертификаттар туралы ақпаратты ұсынады.

      7. ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу үшін телекоммуникациялық жабдықтың функцияларын қамтамасыз ету мақсатында ЖІҚ, ҚБҚ жүзеге асыратын барлық органдардың міндеттерін шешу мүддесінде жабдықтың иеленушісі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесі арасында байланыс объектілерінде өзара іс-қимыл туралы екіжақты келісім жасалады.

      Келісімді жабдықтың иеленушісі әзірлейді, жабдық иеленушісінің басшысы мен ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесінің басшысы қол қояды. Жабдықтың иеленушісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріне орналастырған кезде келісім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.

      8. Келісімдерде мынадай мәселелер көрсетіледі:

      1) құпиялылық;

      2) қажетті ақпаратты ұсыну;

      3) үй-жайларды, байланыс арналарын және желілерін ұсыну;

      4) жабдықтарды орналастыру үшін орындар мен кабельдерді төсеу үшін трассалар бөлу;

      5) абонент туралы қызметтік ақпаратқа рұқсат беру;

      6) ұлттық қауiпсiздiк органдарының уәкiлеттi бөлiмшелерi өкiлдерiнiң байланыс объектілеріне қол жеткізу;

      7) ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу үшін телекоммуникациялық жабдықты пайдалану кезінде өзара іс-қимылды регламенттеу;

      8) байланыс арналары мен желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар;

      9) қосылатын техникалық құралдарды пайдалану шарттары, оның ішінде кепілдендірілген және үздіксіз электрмен қамту, жерге тұйықтау, климаттық жағдайлар;

      10) байланыс объектілерінде орналастырылған қосылған техникалық құралдардың сақталуы және оларға заңсыз қол жеткізуді болдырмау;

      11) ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу үшін телекоммуникациялық жабдықтың дұрыс жұмыс істеуін, жұмыс істеу қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты жабдықтың иеленушісі қызметкерлері қатарындағы адамдардың байланыс деректері;

      12) көрсетілетін байланыс қызметтеріне тестілік қосылуларды, тестілік идентификаторлар мен абоненттік терминалдарды ұсыну шарттары;

      13) келісімнің өзге де шарттары.

      9. Жабдықтың иеленушілері Келісімнің шарттарына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарына:

      1) электрмен жабдықтауды, жерге тұйықтауды және қажетті климаттық жағдайларды қамтамасыз ете отырып, жабдықты орналастыру үшін байланыс объектілерінде қызметтік үй-жайларды және (немесе) алаңдарды;

      2) кабельдік коммуникацияларды төсеу үшін байланыс желілерін, арналарды және трассаларды;

      3) телекоммуникациялар желісінің әрбір коммутациялық жабдығына желіде жұмыс істейтін барлық байланыс қызметімен байланыстың әрбір түрі бойынша көрсетілетін қызметтерге тестілік қосылуды және кемінде үш тестілік абоненттің идентификаторларын пайдалануға береді.

      10. Жаңа телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалануға беру және тозғандарын пайдаланудан шығару немесе жаңғырту, қолданыстағы байланыс схемаларын өзгерту ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесімен келісу бойынша жабдық иеленушісі әзірлеген және бекіткен жабдық иеленушісінің телекоммуникация желілерінде ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу үшін телекоммуникациялық жабдықтың функцияларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.

      Жоспар ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында әзірленеді және екі данада жасалады, бірінші данасын жабдықтың иеленушісі ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесіне береді, екіншісі жабдық иеленушісінде сақталады.

      11. Жоспар мынадай іс-шараларды көздейді:

      1) байланыс операторының телекоммуникациялар желісінде ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізілуін қамтамасыз ету;

      2) деректер базасында қамтылатын абоненттер мен оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы ақпаратты уақтылы жаңарту;

      3) жаңа жобаларды іске асыру, ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарды сатып алу және орнату (телекоммуникациялық жабдықты орнату орны ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі);

      4) ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар жаңа жабдықты тұрақты пайдалануға енгізу, тәжірибелік пайдалануды жүргізу, ұлттық қауіпсіздік органдары анықтаған кемшіліктерді жою;

      5) пайдаланудағы коммутациялық, желілік, көлік жабдықтарын жаңғырту;

      6) жабдықтарға техникалық қызмет көрсету кезеңдігі, қолданыстағы телекоммуникациялар желілерін кеңейту;

      7) өзгелер.

      Жоспарлардағы ақпарат құпия болып табылады.

      12. ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыстарды жүргізу ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшелерімен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      13. Жабдықтың иеленушілері ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функцияларын қамтамасыз етуге, ЖІІ, ҚБІ жүргізу құралдарын орнатуға тартылатын тұлғалардың санын шектеу, сондай-ақ ЖІІ, ҚБІ жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдерінің ашылуын болдырмауды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

      14. Жабдықтың иеленушілері деректер базасындағы абоненттер туралы қызметтік ақпараттың тұрақты өзектілігін автоматты режимде қамтамасыз етедi.

      15. ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтардың сәйкестігін растау кезінде ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті бөлімшесі өкілінің қатысуымен сынақ басталған кезден бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде СРО сынақтарды жүзеге асырады.

      16. Байланыс объектілерінде, оның ішінде жаңадан салынып жатқан немесе реконструкцияланатын объектілерде ұлттық қауiпсiздiк органдарының уәкiлеттi бөлiмшесiмен келісу бойынша жабдықтарды орнату үшін үй-жай қарастырылады, оны қосу үшін байланыс арналары мен желілері қамтамасыз етіледі. Үй-жай ауданы еркін кеңістікке және персоналдың жұмыс орнына қажетті орнатылатын жабдықтың ауданына сәйкес болуға тиіс.

      Үй-жай қажетті электр, энергия және су жабдықтарымен, климаттық, технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз ету құралдарымен, өрт сөндіру қорғау дабылымен, бөгде жеке тұлғалардың үй-жайға заңсыз кіруін болдырмау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      17. Жабдықты тәжірибелік пайдалануға беру ұлттық қауіпсіздік органдары уәкілетті бөлімшесінің басшысы және жабдықтың иеленушісі бекітетін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленетін ЖІІ, ҚБІ жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарды тәжірибелік пайдалануға беру актісімен расталады. Тәжірибелік пайдалану ұзақтығын ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесі айқындайды, бірақ тәжірибелік пайдалануға беру актісіне қол қойылған кезден бастап күнтізбелік 60 күннен аспауға тиіс.

      Тәжірибелік пайдаланудың оң нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған қорытындымен ресімделеді, онда жабдық иеленушісінің атауы, сынақтың нысанасы, байланыс желісінің типі, ұзақтығы, сынақ нəтижелері және ЖІІ, ҚБІ жүргізуді қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттердің және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар көрсетіледі.

      Тәжірибелік пайдаланудың теріс нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын қорытындымен ресімделеді. Жабдық қолданыстағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қорытындыда сәйкессіздіктердің себептері көрсетіледі.

      Тұрақты пайдалануға беру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын ЖІІ, ҚБІ жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықты пайдалануға беру актісімен ресімделеді.

      Тұрақты пайдалануға беру актісі тәжірибелік пайдаланудың оң нәтижелері болған жағдайда ресімделеді.

      Жабдықты пайдалануға беру актісіне жабдықты тұрақты пайдалануға қабылдау мүмкіндігі туралы қорытынды шыққан күнінен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесінің басшысы және жабдықтың иеленушісі қол қояды.

      18. ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтардың авариясы, істен шығуы, зақымдалуы кезiнде жабдықтың иеленушілері бұл туралы ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесін дереу хабардар етедi және ақауларды жою және жабдықтардың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша шаралар қолданады.

      19. ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтардың жүйелі түрдегі авариялары, ақаулықтары немесе ұзақ мерзімде жұмыс iстемей тұруы кезінде ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесі пайдалануға беру актiсінің күшін жоюға бастамашылық етеді, кейіннен сәйкестік сертификатының қолдануын тоқтату мәселесі бойынша уәкілетті органға жүгінеді.

      20. Жабдықтың иеленушілері ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарды пайдаланудан шығаруды және оларды қайта пайдалануды, сондай-ақ ақпаратты жинақтау және сақтау құрылғыларын кәдеге жаратуды ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесімен келісу бойынша жүзеге асырады.

      Пайдаланудан шығару осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарды пайдаланудан шығару актісімен ресімделеді.

      Жабдықтың иеленушілері ақпаратты жинақтау және сақтау құралдарын кәдеге жарату қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖІІ, ҚБІ жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтардың ақпаратын жинақтау және сақтау құралдарын кәдеге жарату актісін жасайды. Кәдеге жарату актісі екі данада жасалады, бірінші данасын жабдықтың иеленушісі ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесіне ұсынады, екіншісі жабдықтың иеленушісінде сақталады.

      21. Басқару орталықтарын, коммутациялық жабдықтарды, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты және дербес деректерді сақтау жүйесін, абоненттердің дыбыстық, қысқа мәтіндік, графикалық, мультимедиялық хабарламалар алмасу жүйесін қоса алғанда, байланыс желілерінің телекоммуникациялық жабдығы Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс.

      22. ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізуге арналған функциялары бар телекоммуникациялық жабдықта жабдыққа заңсыз қол жеткізуді аппараттық бағдарламалық және физикалық шектеу шаралары көзделуге тиіс.

      23. ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізуге арналған функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарды жабдықтың иеленушілері ұлттық қауiпсiздiк органдарының арналары мен байланыс желiлерiне қосылу нүктелерi арқылы қосады.

      Қосылу нүктелерін ұлттық қауiпсiздiк органдарының уәкiлеттi бөлiмшесi айқындайды.

      24. Жабдықтың иеленушілері ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізуге арналған функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтардың сапасы және істен шығудың неғұрлым аз санымен ұзақ уақыт үздіксіз тәулік бойғы режимде жұмыс істеуі бойынша талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

      25. ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізуге арналған функциялары бар телекоммуникациялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді өз қаражаты және/немесе тартылған қаражат есебінен жабдықтың иеленушілері қамтамасыз етеді.

      26. Жабдықтың иеленушілері жабдықтың ақауын уақтылы жою және жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру мақсатында ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізуге арналған функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтың резервтік тораптарының және (немесе) жинақтаушыларының болуын қамтамасыз етеді.

      27. Ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін барлық абоненттік құрылғылар ұялы байланыс операторында "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына сәйкес бекітілетін ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес тіркелуге тиіс.

      28. Жабдықтың иеленушілері телекоммуникациялық желілер өзгерген, жаңа жабдықтар пайдалануға берілген, байланыс арналарының сыйымдылығы ұлғайған кезде, ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функцияларын қамтамасыз ету үшін телекоммуникациялық жабдықтарға қажетті өзгерістерді жүргізеді, кейіннен сертификаттау сынақтарын жүргізеді.

  Қазақстан Республикасының аумағында өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

"БЕКІТЕМІН"
_______________________________
(лауазымы, жабдық иеленушісі
_______________________________
басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), ұйымның мөрі (болған кезде)
20___ жылғы "____" _______________

"БЕКІТЕМІН"
_______________________________
(лауазымы, ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті
_______________________________
бөлімшесі басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
20___ жылғы "____" _______________
 

Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықты ТӘЖІРИБЕЛІК ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ АКТІСІ

      Осы актімен оператордың байланыс желілерінде немесе байланыс желісінің иеленушісінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу функциялары бар ____________________________ телекоммуникациялық жабдығы (бұдан әрі – жабдық) тәжірибелік пайдалануға беріледі.

      Жабдық_______________________________________________________желісінде

      (тіркелген телефон байланысы, мобильдік телефон байланысы, мобильдік интернет байланысы, тіркелген интернет байланысы)

      ______________________________________________________________

      (абоненттердің барлық қосылыстары туралы хабарларды жолдан ұстап қалу және / немесе ақпаратты жинау және сақтау)

      ЖІІ, ҚБІ жүргізу үшін техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

      Жабдықтың ЖІІ, ҚБІ жоғарыда санамаланған түрлерін қамтамасыз ету бойынша nехникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер:

      ______________________________________________________________

      (сәйкестік сертификаттарының нөмірі, берілген күні, кім берген)

      Тәжірибелік пайдалану кезеңі: _________ ж.бастап __________ ж. дейін.

      Қол жеткізу интерфейсінің IP мекенжайы:https://______________________

_____________________
ЖІІ байланыс операторының жабдықтары үшін жауаптылар
_____________________ ___________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
____________________ ___________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
 


Ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесінің жауапты қызметкерлері
________________________________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
________________________________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
 

20___жылғы "___"____________
 


20___жылғы "___"___________
 

  Қазақстан Республикасының аумағында өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тәжірибелік пайдалану нәтижелері бойынша қорытынды

      ____________________________________________________________желісінде

      (тіркелген телефон байланысы, мобильдік телефон байланысы, мобильдік интернет байланысы, тіркелген интернет байланысы)

      ____________________________________________________________арналған

      (абоненттерінің барлық қосылыстары туралы хабарларды жолдан ұстап қалу және / немесе ақпаратты жинау және сақтау)

      _____________________ байланыс операторының ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар жабдықты тәжірибелік пайдалану

      ____20__ ж. бастап ____20__ ж. аралығында өткізілді.

Қорытынды:

      ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар жабдық ЖІІ, ҚБІ жүргізуді қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына ___________ және пайдалануға ________ болады.

      Ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесінің басшысы

      _________ _________ _____________

      Лауазымы      қолы      Тегі, аты-жөні

      20___ жылғы "_____" ______________

  Қазақстан Республикасының аумағында өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан


"БЕКІТЕМІН"
_______________________________
(лауазымы, жабдық иеленушісі
_______________________________
Басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), ұйымның мөрі (болған кезде)
20___ жылғы "____" _______________
 

"БЕКІТЕМІН"
_______________________________
(лауазымы, ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті
_______________________________
бөлімшесі басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
20___ жылғы "____" _______________
 

Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықты ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ АКТІСІ

      Осы актімен оператордың немесе __________________ иеленушісінің байланысжелілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау

      іс-шараларын жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдық (бұдан әрі – жабдық) пайдалануға беріледі.

      Пайдалануға берілген жабдықтардың тізбесі:

Р/с №

Жабдықтың атауы

Сериялық нөмірі

БҚ нұсқасы

Орнатылатын орны
(елді мекен, көше, ғимарат нөмірі, қабаты, үй-жай нөмірі, қатары, орны)
 



























      Жабдық _______________________________________________________ желісінде

      (тіркелген телефон байланысы, мобильді телефон байланысы, мобильді интернет байланысы, тіркелген интернет байланысы)

      _______________________________________________________________________

      (абоненттерінің барлық қосылыстары туралы хабарларды жолдан ұстап қалу және / немесе ақпаратты жинау және сақтау)

      ЖІІ, ҚБІ жүргізу үшін техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

      Жабдықтың ЖІІ, ҚБІ жоғарыда санамаланған түрлерін қамтамасыз ету бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер: ____________________________________________________________________

      (сәйкестік сертификаттарының нөмірі, берілген күні, кім берген)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) өкілі Мониторинг орталығы әкімшісінің құпия сөзін өзгертіп, тестілік пайдаланушыларды алып тастауды жүзеге асырды.

      Осы Актіге қол қойылған күннен бастап

      _________________________________ телекоммуникация шкафы

      (шкаф нөмірі немесе оның белгісі)

      ҚР ҰҚК өкілдерінің мөрімен бекітіледі.

      Қосымша:

      Сәйкестік сертификаттарының көшірмелері.

_____________________________
жабдық иеленушісінің ЖІІ жабдығы үшін жауаптылар
_____________________ ___________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________ ___________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)


Ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесінің жауапты қызметкерлері
________________________________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
________________________________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

20___жылғы "___"____________
 


20___ жылғы "___"___________
 

  Қазақстан Республикасының аумағында өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету қағидаларына
  4-қосымша
 
  Нысан


"БЕКІТЕМІН"
_______________________________
(лауазымы, жабдық иеленушісі
_______________________________
басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), ұйымның мөрі (болған кезде)
20___ жылғы "____" _____________
 

"БЕКІТЕМІН"
_______________________________
(лауазымы, ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті
_______________________________
бөлімшесі басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
20___ жылғы "____" _______________
 

Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықты ПАЙДАЛАНУДАН ШЫҒАРУ АКТІСІ

      Осы актімен оператордың немесе ___________________________ иеленушісінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықты (бұдан әрі – жабдық) пайдаланудан шығарылады.

      Пайдаланудан шығарылатын жабдықтардың тізбесі:

Р/с №

Жабдықтың атауы

Сериялық нөмірі

Бағдарламалық қамтылым нұсқасы

Орнатылатын орны
(елді мекен, көше, ғимарат нөмірі, қабаты, үй-жай нөмірі, қатар, орны)
 

1.





2.





3.





4.






      Бұрын

      _________________________________________________________________________

      (тіркелген телефон байланысы, мобильді телефон байланысы, мобильді интернет байланысы, тіркелген интернет байланысы)

      желісінде орнатылған және

      _______________________________________________________________________________

      (абоненттерінің барлық қосылыстары туралы хабарларды жолдан ұстап қалу және / немесе ақпаратты жинау және сақтау)

      ЖІІ, ҚБІ жүргізу үшін техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге арналған жабдық осы актіге қол қойылған күннен бастап пайдалануға жатпайды.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі пайдаланудан шығарылатын жабдықты салыстыруды жүргізді.

      Жоғарыда санамаланған жабдыққа берілген

      ______________________________________________________________________________

      (сәйкестік сертификаттарының нөмірі, берілген күні, кім берген)

      сәйкестік сертификатының (-тарының) күші жойылады.

__________________________
Жабдық иеленушісінің ЖІІ жабдығы үшін жауаптылар
_____________________ ___________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________ ___________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)


Ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесінің жауапты қызметкерлері
________________________________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
 

20___жылғы "___"____________
 


20___ жылғы "___"___________
 

  Қазақстан Республикасының аумағында өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтың ақпаратты жинау және сақтау құралдарын КӘДЕГЕ ЖАРАТУ АКТІСІ

      Осы акті байланыс операторының немесе __________________ иеленушісінің байланыс жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтың (бұдан әрі – жабдық) ақпаратын жинау және сақтау құралдарының кәдеге жаратылғанын растайды.

      Кәдеге жаратылатын жабдықтардың тізбесі:

Р/с №

Жинақтауыштың атауы

Сериялық нөмірі

1.



2.



3.



      Бұрын ______________________________________________________________________

      (тіркелген телефон байланысы, мобильді телефон байланысы, мобильді интернет байланысы, тіркелген интернет байланысы)

      жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдығында орнатылған және

      _____________________________________________________________________________

      (абоненттерінің барлық қосылыстары туралы хабарларды жолдан ұстап қалу және / немесе ақпаратты жинау және сақтау)

      ЖІІ, ҚБІ жүргізу үшін техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге арналған ақпаратты жинақтау және сақтау құралдары

      _____________________________________________________________________________

      (толықтай физикалық бұзу) әдісімен кәдеге жаратылды.


__________________________
Жабдық иеленушісінің ЖІІ жабдығы үшін жауаптылар
_____________________ ___________
Қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________ ___________
қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)


Ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесінің жауапты қызметкерлері
________________________________
Қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
 

20___жылғы "___"____________
 


20___жылғы "___"__________
 


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 358 қаулысымен
бекітілген

Байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптар

      1. Осы Байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптар "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету бойынша байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды (бұдан әрі – талаптар) белгілейді.

      2. Байланыс желілері мен құралдарын жоспарлауды, жобалауды, құруды, өзгертуді, дамытуды осы талаптарға сәйкес байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерінің иеленушілері жүзеге асыруға тиіс.

      3. Байланыс желілерінің телекоммуникациялық жабдығын таңдауды жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын (бұдан әрі – ЖІІ, ҚБІ) техникалық тұрғыдан жүргізу функцияларын қамтамасыз етуді және ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестік сертификатын алуды ескере отырып, жабдықтың иеленушісі жүзеге асырады.

      4. ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары байланыс қызметтерін көрсетуге арналған және ЖІІ, ҚБІ жүргізуге техникалық мүмкіндігі бар телекоммуникациялық жабдықта іске асырылады.

      5. ЖІІ, ҚБІ жүргізуді және ЖІІ, ҚБІ нәтижелерін толық көлемде, шығынсыз және қалдырмай алуды қамтамасыз ету мақсатында байланыс желілерінде трафик ассиметриясын шектеу шаралары көзделеді.

      6. Байланыс желілерін құру ақпараттық трафикті, дабыл трафигін, қолданушыларды авторландыруды және сәйкестендіруді қоса алғанда, байланыс объектілерінде трафиктің жергілікті агрегациясы үшін шарттарды, сондай-ақ ЖІІ, ҚБІ жүргізу үшін көрсетілген трафикке қолжетімділіктің техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

      7. Байланыс желілерінде ЖІІ, ҚБІ жүргізуге зиян келтіретін абоненттік нөмірлерді заңсыз ауыстыру және заңсыз трафикті болдырмау шаралары көзделеді.

      8. Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы байланыс құралдары ЖІІ, ҚБІ техникалық тұрғыдан жүргізу саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      9. Байланыс желілері мен құралдары ЖІІ, ҚБІ нәтижелерін және көрсетілген байланыс қызметін дәл салыстыру мақсатында барлық байланыс желісінің уақытын Астана қаласының уақытымен біртұтас синхрондауды қамтамасыз етуге тиіс.

      10. Байланыс желілері мен құралдары ЖІІ, ҚБІ нәтижелерін және абоненттік құрылғылардан жіберілетін хабарламаларды дәл салыстыру мақсатында байланыс желісінде жұмыс істейтін барлық абоненттік құрылғыны сәйкестендіруді қамтамасыз етуі тиіс.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады