1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "SOBRIO LIMITED" компаниясына "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының жай акцияларының жалпы санының 24,96 % баламасын құрайтын "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының 2 672 592 дана жай акцияларын "SKYLINE INVESTMENT COMPANY S.A." компаниясының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |