"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 600 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1 бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 26 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, дербес білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын олардың ұйымдарына, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да міндеттерді орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.".

      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):

      409-бап мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "12. Жаттықтырушының, спорттық медицина жөніндегі маманның немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа маманның спортшының келісіміне қарамастан спортшының тыйым салынған субстанцияны және (немесе) спортта тыйым салынған әдісті пайдалануынан не спортшының немесе спортшыға қатысты тыйым салынған субстанцияны және (немесе) тыйым салынған әдісті пайдалануына ықпал етуден көрінген, Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бұзуы -

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға жазаланады.

      Ескертпе: осы бапта спортшыға қатысты тыйым салынған субстанцияны және (немесе) спортта тыйым салынған әдісті пайдалануға ықпал ету деп, тыйым салынған субстанцияны және (немесе) спортта тыйым салынған әдісті пайдалануға септігін тигізетін кез келген іс-әрекет, оның ішінде кеңестер, нұсқаулар, ақпарат беру, тыйым салынған субстанцияларды, тыйым салынған әдістерді пайдалану құралдарын беру, спортта тыйым салынған субстанцияны және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға кедергілерді жою, сондай-ақ спортта тыйым салынған субстанцияны және (немесе) тыйым салынған әдісті пайдалану іздерін жасыру түсініледі.";

      2) мынадай мазмұндағы 732-1-баппен толықтырылсын:

      "732-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

      1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 409-бабында (он екінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға құқылы.".

      3. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 48-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 10, 23-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) арнайы спорттық мүкәммал - жарыс қызметінің қажетті компонентін білдіретін және мүгедек спортшы ағзасының бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын спорттық мүкәммал;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы - спорттық кәсіби немесе өзге жоғары, техникалық және кәсіби білімі бар, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарынан өткен, спорттық атақтары бар, спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) жаттықтырушыны, спорт дәрігерін, спорт төрешісін, дене шынықтыру және спорт саласындағы маманды қызметін атқарудан шеттету - жаттықтырушыны, спорт дәрігерін, спорт төрешісін, дене шынықтыру және спорт саласындағы маманды допингті пайдаланғаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы спорт этикасының нормаларын бұзғаны үшін дене шынықтыру және спорт саласында еңбек (кәсіби) қызметін жүзеге асыру құқығынан айыру;";

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) Қазақстан Республикасының спорт этикасының нормалары - дене шынықтыру және спорт субъектілері мінез-құлқының қағидаттары және нормалары;";

      29-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-1) олимпиадалық емес спорт түрі - Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі;";

      мынадай мазмұндағы 29-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-3) паралимпиадалық емес спорт түрі - Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын паралимпиадалық спорт түрі;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) Паралимпиадалық ойындар - тірек-қозғалу аппараты, көру органдары зақымданған және зияткерлік дамуы бұзылған мүгедек спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;";

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) спортшыны, спорттық жарыстарға қатысатын жануарларды жарыстан шығарып тастау - спортшыны, спорттық жарыстарға қатысатын жануарларды спорт түрінің қағидаларын, спорттық жарыстардың ережелерін (регламентін) бұзғаны, допинг пайдаланғаны, халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) республикалық спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы спорт этикасының нормаларын бұзғаны үшін спорттық жарыстарға қатысудан шеттету;";

      мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "52-1) сурдлимпиадалық спорт түрі - Сурдлимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық саңыраулар спорт комитеті бекіткен спорт түрі;";

      2) 6-бапта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) спортшыларға, жаттықтырушыларға немесе жаттықтырушы - оқытушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекітеді және олардың мөлшерін белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) дене шынықтыруды және спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражаттарын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау тәртібін бекітеді;";

      3) 7-бапта:

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) Дүниежүзілік Допингке қарсы агенттіктің тыйым салынған тізімі негізінде спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялардың және (немесе) әдістердің тізбесін бекітеді;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) спортшыларға, жаттықтырушыларға немесе жаттықтырушы - оқытушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді және төлемдерін қамтамасыз етеді;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру, қайтарып алу, қайта беру қағидаларын, сондай-ақ төсбелгілердің сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді және оларды береді;";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды - республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша - Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің келісуімен, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша - Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің келісуімен, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша - Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің келісуімен лауазымдарға тағайындайды және олардан босатады;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың үлгі штаттарын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "44-1) спорттық іс-шараларға, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық дене шынықтыру-спорт ұйымдарына арналған оқу-жаттығу жиынына бөлінетін ақшалай қаражатты жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 65-1), 65-2), 65-3) 65-4), 65-5) 65-6), 65-7) және 65-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "65-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      65-2) Қазақстан Республикасының спорттық этика нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      65-3) дене шынықтыру және спорт ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      65-4) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшалай қаражатты бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      65-5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру ұйымдарында оқитын оқушыларды дене тәрбиесі сабағынан босату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      65-6) Ұлттық допингке қарсы ұйымның, халықаралық, өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының ұсынысы бойынша жарыстан шеттету туралы шешім қабылдайды;

      65-7) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй сатып алу, беру және қайтарып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      65-8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай операторды айқындайды;";

      4) 8-бапта:

      1-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;";

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;";

      5) 11-бапта:

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелері болып табылуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті тануға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2. Сурдлимпиадалық спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық саңыраулар спорт комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелері болып табылуға және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті тануға тиіс.";

      6) 12-бапта:

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлеуге және оларды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдардың бекітуіне ұсынуға;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтар мен разрядтар, нұсқаушы-спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға, спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру, олардан айыру, қалпына келтіру үшін құжаттар ұсынуға;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) тиісті допингке қарсы ұйымның шешімі негізінде және оны орындау үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорттық дәрігерлерді, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорт жарыстарына қатысатын жануарларды жарыстан шеттеуге, спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорттық дәрігерлерді, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорт жарыстарына қатысатын жануарларды жарыстан шеттету туралы ұсыныс енгізуге;";

      4-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жергілікті аккредиттелген спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлеуге және оларды жергілікті атқарушы органның бекітуіне ұсынады;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) тиісті допингке қарсы ұйымның шешімі негізінде және оны орындау үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорттық дәрігерлерді, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорт жарыстарына қатысатын жануарларды жарыстан шеттетуге, спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорттық дәрігерлерді, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорт жарыстарына қатысатын жануарларды жарыстан шеттету туралы ұсыныс енгізуге;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) жергілікті атқарушы органға спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық разрядтарды, нұсқаушы-спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға, спорт төрешілеріне спорттық санаттарды беру, олардан айыру, қалпына келтіру үшін құжаттарды ұсынуға;";

      7) 13-1-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар алуға құқылы.";

      8) мынадай мазмұндағы 13-2-баппен толықтырылсын:

      "13-2 Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті

      1. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс мақсаттары сурдлимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедек спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Сурдлимпиадалық ойындарға және Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық сурдлимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады.

      2. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалысты Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті басқарады, ол қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің жарғысына, сондай-ақ өзінің жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады. Мемлекет ұлттық сурдлимпиадалық қозғалысты таниды және Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитетіне оның жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдемдесе отырып, қолдау көрсетеді.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті:

      1) мемлекетте сурдлимпиадалық қозғалыстың қағидаттарын насихаттайды, сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спортының түрлері мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді;

      2) Сурдлимпиадалық ойындарда және Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

      3) Халықаралық саңыраулар спорт комитетінде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

      4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спортының түрлері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;

      5) Сурдлимпиадалық ойындарға және Халықаралық саңыраулар спорт комитеті аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы мүгедек спортшыларының қажетті дайындық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      6) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Халықаралық саңыраулар спорт комитетіне Сурдлимпиадалық ойындарды өткізуге Қазақстан Республикасының үміткер қаласы туралы өтінім беруге құқылы;

      7) Қазақстан Республикасының сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша құрама командаларының (сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларының және сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушылардың лауазымдарға тағайындалуын және олардан босатылуын келісуді жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің жарғысына сәйкес Халықаралық саңыраулар спорт комитетіне тиесілі сурдлимпиадалық рәмізді, ұранды, туды және әнұранды, "Сурдлимпиадалық ойындар" атауларын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитетінің сурдлимпиадалық эмблемасына, ұранға, туға және өзге де ұлттық сурдлимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді.

      5. Қазақстан Республикасының спорт түрлері бойынша құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) Сурдлимпиадалық ойындарда және Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің қамқорлығы аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спортының түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Сурдлимпиадалық ойындарға және Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы мүгедек спортшыларының қажетті дайындық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және республикалық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерін орындауды меншікті қаржыландыру көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен, сондай-ақ белгіленген заңнамалық тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады.";

      "14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Арнайы олимпиадалық қозғалыс, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер

      1. Арнайы олимпиадалық қозғалыс мақсаты мүгедектердің дене шынықтыруы мен спортын Дамытуға жәрдемдесу, аталған салада халықаралық ынтымақтастықты нығайту, Халықаралық арнайы олимпиадалық ойындарға қатысу болып табылатын тиісінше халықаралық арнайы олимпиадалық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады.

      2. Арнайы олимпиадалық қозғалысты Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, тиісті халықаралық спорт ұйымдарының жарғыларына сәйкес және халықаралық спорт ұйымдарының тануы негізінде, сондай-ақ өздерінің жарғыларына сәйкес жүзеге асыратын арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер басқарады.

      3. Арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер тиісінше Халықаралық арнайы олимпиадалық ойындарда, Халықаралық арнайы олимпиадалық комитет аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс шараларда спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) білдіреді.

      4. Арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер алдына қойған жарғылық міндеттерін орындауды жеке қаржыландыру көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырымдылықтары есебінен, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады.";

      10) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Бірыңғай оператор

      1. Бірыңғай оператор - дене шынықтыруды және спортты дамытуға бюджеттен тыс ақшалай қаражатты бөлу бойынша қызметті жүзеге асыратын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындаған корпоративтік қор түріндегі коммерциялық емес ұйым.

      2. Бірыңғай оператор қайырымдылық (демеушілік) көмекті:

      1) әлеуметтік қолдау түрінде дене шынықтырумен айналысатын жеке тұлғаларға, спортшыларға, ұжымдарға (спорттық командалар);

      2) демеушілік көмек түрінде;

      3) дене шынықтыру және спорт ұйымдарына, білім беру ұйымдарына, дене шынықтыру және спорт саласында қызмет ететін, дене шынықтыру және спорт саласында зерттеуді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарға, оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыру мақсатында спорттық медицина ұйымдарына бөледі.

      3. Бірыңғай оператордың қайырымдылық (демеушілік) көмек көрсетудегі негізгі басымдықтары мыналар:

      1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиалық, арнайы олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;

      3) әлеуметтік және білім беру функцияларын ескере отырып, дене шынықтыруды, барлық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін дамытуға ықпал ету;

      4) әлеуметтік салада көмек көрсету;

      5) Қор қызметіне байланысты ұйымдастырушы-тәжірибелік іс-шаралар;

      6) имидждік жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

      4. Бірыңғай операторды айқындау өлшемшарттары:

      1) өтініш берушіні заңды тұлға ретінде тіркеу;

      2) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша салық берешегінің болмауы;

      3) демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмек көрсету шеңберінде бөлінген қаражат бөлуді қоса алғанда, дене шынықтыруды және спортты дамытуға бағытталған қаражатты бөлу тәжірибесінің сегіз жылдан кем емес болуы;

      4) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы, сатып алуды өткізу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қаржы-шаруашылық қызметінің тоқтатылмауы тиіс;

      5) Қазақстан Республикасының резиденттілігі болып табылады.

      5. Бірыңғай оператордың мүлкін қалыптастыру көздері мыналар:

      1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсімдер;

      2) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;

      3) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және депозиттер (депозиттер) бойынша алынған дивидендтер (табыс, сыйақы (мүдде);

      4) заңмен тыйым салынбаған өзге де түсімдер болып табылады.

      6. Бірыңғай оператор дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс қаражатты мынадай қағидаттар:

      1) қайырымдылық (демеушілік) көмекті пайдаланушыларға таратуға арналған қайырымдылық ерікті сақтау;

      2) қайырымдылық (демеушілік) көмек көрсету жөніндегі шаралардың тиімділігі;

      3) қайырымдылық (демеушілік) көмек шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;

      4) қайырымдылық (демеушілік) көмектің оң әсерін тигізу негізінде

      7. Қайырымдылық (демеушілік) көмекті алушылар Жоғары басқару органы немесе Бірыңғай оператордың алқалы органы бекіткен, бюджеттен тыс қорларды мақсатты пайдалану туралы бірыңғай операторға тоқсан сайын, жартыжылдық және жылдық негізде есеп береді.

      8. Бірыңғай оператор қайырымдылық жасаушыға ол белгілеген мерзімдерде, ол бекітетін, алушылардың есептілігі негізінде жасалатын қайырымдылық (демеушілік) көмектерді пайдалану жөніндегі ақпаратты ұсынады.";

      11) 15-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Дене тәрбиесі сабағынан босату туралы қағидаларға сәйкес білім беру ұйымдарының мынадай санаттағы:

      1) олимпиада резервінің республикалық, облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқушылары;

      2) спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың оқушылары;

      3) "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атақтары бар оқушылар;

      4) қосымша білім беру мекемелерінде, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде және клубтарында аптасына үш сағаттан артық спортпен жүйелі түрде шұғылданатын, спорттық жетістіктері бар оқушылар;

      5) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бар оқушылар босатылады.";

      12) 19-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы мүгедек спортшылар мен мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың оқу-жаттығу процесі, даярлық кезеңдерінің мазмұны тиісті паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін спорт түрлері бойынша бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, республикалық жарыстар өткізуді, мүгедектер арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және Дүниежүзілік арнайы олимпиада ойындарына даярлауды және оларға қатысуын ұйымдастырады.";

      13) 23-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы спорт этикасының нормаларын сақтауға міндетті;";

      14) 28-бап алып алып тасталсын;

      15) 33-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарда тең сайыс жағдайларын жасау мақсатында ұйымдастырушылар тиісті жарыстарға қатысуға өтінім берген мүгедек спортшыларға сыныптаушылардың шығындарын жабуды қоса алғанда, олардың функционалдық мүмкіндік деңгейлері бойынша сыныптау жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

      "3-1. Мүгедек спортшыларды сыныптауды ұйымдастырған кезде ұй ымдастырушылар Қазақстан Республикасының немесе басқа шет елдердің сыныптаушыларын тартады.";

      16) 35-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірыңғай спорттық сыныптама спортшылар мен жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, мынадай спорттық атақтар, разрядтар көздейді:";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы;

      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы;

      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы; біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы;

      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы;

      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы;";

      17) 38-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Халықаралық спорттық жарыстар аккредиттелген республикалық және өңірлік спорт федерациялары әзірлейтін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі, оларды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      6. Республикалық спорттық жарыстар аккредиттелген республикалық және өңірлік спорт федерациялары әзірлейтін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі, оларды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      18) 40-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Дене шынықтыру және спорт бойынша педагогикалық, жаттықтырушылық-оқытушылық қызметке жоғары спорттық немесе спорттық-техникалық және кәсіби білімі бар адамдар жіберіледі.

      "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атақтары бар, жоғары немесе техникалық және кәсіби білімі бар, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органда жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарынан өткен адамдар да дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтыруға және оқытушылық қызметке жіберіледі.";

      19) 44-бапта:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жарыс кезеңінде немесе жарыстан тыс уақытта спортшының ағзасынан, сондай-ақ спорт жарыстарына катысатын жануар ағзасынан алынған үлгіде тыйым салынған субстанциялардың немесе олардың метаболиттерінің немесе маркерлерінің болуы;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) кез келген тыйым салынған субстанцияны және (немесе) тыйым салынған әдісті тарату немесе таратуға әрекет ету;";

      мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) кез келген спортшының тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануы немесе пайдалануға әрекет етуі;

      8) кез келген спортшыға тыйым салынған субстанцияны және (немесе) тыйым салынған әдісті тағайындау немесе тағайындауға әрекет ету допингке қарсы қағидаларды бұзу болып табылады.

      Осы баптың 2-тармағының 1), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыру, егер олар жасалған кезде Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің Тыйым салынған субстанцияларды терапевтік пайдалану жөніндегі халықаралық стандартына сәйкес берілген тыйым салынған субстанцияны және (немесе) тыйым салынған әдісті терапевтік пайдалануға рұқсат бар болса, аталған әрекеттер жасалғаннан кейін осындай рұқсат беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін осы Халықаралық стандартта көзделген мән-жайлар болса, Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бұзу болып табылмайды.";

      20) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:

      "44-1-бап. Ұлттық допингке қарсы ұйым

      Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік мойындаған ұлттық допингке қарсы күрес ұйымы деп спортта допингті болдырмау және оған қарсы күрес, допинг-бақылау ұйымдастыру мақсатында құрылған мемлекеттік кәсіпорын түсініледі.

      Ұлттық допингке қарсы ұйым:

      1) Дүниежүзілік допингке қарсы кодекске сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлеуге қатысады;

      2) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес және спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және өңірлік спорт федерацияларымен келісу бойынша жарыс кезеңінде, сондай-ақ жарыстан тыс кезеңде тестілеу өткізу мақсатында спортшылардың тізімін жасайды;

      3) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес тестілеу жүргізеді;

      4) спортшылардың тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді терапевтік пайдалануы туралы өтініштерін қарау бойынша жұмысты жүргізеді;

      5) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бұзған спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандарға қатысты санкциялар қолдану арқылы тергеп-тексеру жүргізіп, тың даулар өткізеді;

      6) допинг-бақылауды жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      7) спортта допингке жол бермеу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша әдістемелік материалдар әзірлейді;

      8) спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және өңірлік спорт федерацияларына, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларының бұзылу ықтималдығы туралы, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту, оның ішінде санкцияларды қолдану үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтер береді;

      9) осы Заңға және Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларына сәйкес жүктелген өзге де функцияларды орындайды.";

      21) мынадай мазмұндағы 44-2-баппен толықтырылсын:

      "44-2-бап. Допингті қолданғаны үшін шаралар

      1. Допингті пайдаланғаны үшін:

      1) ресми шешім қабылданған кезден бастап қолданылатын жарыстан шеттету;

      2) ресми шешім қабылданған кезден бастап жүргізілетін жарыс нәтижелері жойылған жағдайда ақшалай ынталандыруды қайтару;

      3) ресми шешім қабылданған кезден бастап жүргізілетін спортшылар мен жаттықтырушыларды өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төлемдерінен айыру;

      4) ресми шешім қабылданған кезден бастап жүргізілетін спортшыларды, жаттықтырушыларды және клубтық командалардың жетекшілерін ай сайынғы ақшалай қамсыздандырудан айыру;

      5) ресми шешім қабылданған кезден бастап жүргізілетін Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) мүшелерін олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерінен айыру;

      6) нәтижелері жойылған кезден бастап жүргізілетін спорттық атағынан айыру,

      7) нәтижелері жойылған сәттен бастап жүргізілетін Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үйден айыру;

      8) ресми шешім қабылданған кезден бастап жүргізілетін спортшыларды, жаттықтырушыларды спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың спорт түрлері бойынша құрама командаларының құрамынан шығару көзделеді.";

      22) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау

      1. Мемлекет ай сайынғы төлемдерді білдіретін өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету түрінде (бұдан әрі - материалдық қамтамасыз ету) спортшыларды, жаттықтырушылар немесе жаттықтырушы-оқытушыларды әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады.";

      23) 47-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1. Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары немесе жүлдегерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының спортшыларына жергілікті атқарушы органдар берген тұрғын үйді иеліктен шығаруға 10 жылға тыйым салынады.";

      6-тармақта 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өтініш берген кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімдерде Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері үшін тұрғын үй сатып алады;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондарына немесе жүлдегерлеріне тұрғын үй алуды (сатып алуды) қаржыландыру Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындары аяқталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".

      4. "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының. Заңына:

      14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Лотереядан аударымдар

      Лотерея операторы өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан, тіркелген лотерея мөлшерлемелерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын дене шынықтыру және спортты дамытуға дене шынықтыруды және спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшалай қаражатты бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға тоқсан сайын жіберуге міндетті.".

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) білім беру, дене шынықтыру және спорт, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар және мемлекеттік архивтер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджетке аударуға жатқызылады.";

      2) 1-баптың 15-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) білім беру, дене шынықтыру және спорт, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету. ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, медициналық көмек көрсету саласында маманданатын, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылу" тиіс.".

      2-бап. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағының 7) тармақшасын және 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады