Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 604 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көзделген штат санының бекітілген лимиті шегінде мына:

      1) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Кеген аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы";

      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Астана қаласы Байқоңыр ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемелері құрылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Еңбекшілдер аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Біржан сал ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      ведомстволардың қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тiзбесiнде:

      "3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелері" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Біржан сал ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 54-1, 228-1-жолдармен толықтырылсын:

      "54-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Кеген аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.";

      "228-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Астана қаласы Байқоңыр ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы."

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады