Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 715 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы
ҮШІНШІ ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер

      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы (бұдан әрі - Ұйым) қызметінің тиімділігін арттыруға ниет білдіре отырып,

      Ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтыла отырып,

      2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) 27-бабына сәйкес

      төмендегілер туралы уағдаласты:

      1. VII тарау мынадай редакцияда жазылып, Жарғыға өзгерістер енгізілсін:

"VII тарау Байқаушылар мен Әріптестер

21-бап

      Ұйымның ашық нормативтік құқықтық базасын, қызмет тәжірибесі мен практикасын зерделеуге қызығушылық танытатын Ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар Ұйымның практикалық іс-шараларына қатысу туралы міндеттемелер қабылдамастан, Ұйым жанындағы Байқаушы мәртебесін ала алады.

      Ұйымның Байқаушысы мәртебесі, оны алу және тоқтату тәртібі Кеңес бекітетін тиісті ережемен айқындалады.

211-бап

      Ұйымның мақсаты мен қағидаттарын жақтайтын, Ұйымның практикалық іс-шараларына қатысу бойынша міндеттемелер қабылдап өзара қызығушылық білдіретін салаларда Ұйыммен өзара тиімді ынтымақтастық қатынасын орнату мен дамытуды қалайтын Ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар Ұйымның Әріптесі мәртебесін ала алады.

      Ұйымның Әріптесі мәртебесі, оны алу және тоқтату тәртібі Кеңес бекітетін тиісті ережемен айқындалады.".

      2. Осы Хаттама Жарғының 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.


      20__ жылғы "__" _______ ___________қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
     
      Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады