Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің "В.В. Кондюрин атындағы" шекара заставасын қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 206 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің "В.В. Кондюрин атындағы" шекара заставасы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің "Қасым Қайсенов атындағы" шекара заставасы болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады