"Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 249 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 100 % мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 389-1-жолмен толықтырылсын:

      "389-1. "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы.";

      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген 1-бөлімде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы.".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады