Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 404 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы" акционерлік қоғамы қайта құру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар "Арнайы қамтамасыз ету орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Серiктестiк қызметiнiң негiзгi бағыттары энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бөлімшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің басқа да жүйелері саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен (келісу бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) серіктестікке мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне беруді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-11. "Арнайы қамтамасыз ету орталығы" ЖШС";

      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне" деген бөлімде:

      бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне";

      реттік нөмірі 240-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "240. "Арнайы қамтамасыз ету орталығы" ЖШС".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады