"Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 415 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Республикалық мемлекеттік мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) мекемені әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 12-жол алып тасталсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады