Шымкент қаласын дамытудың және құрылысын салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 498 қаулысы

      Шымкент қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту және жинақы құрылысын салу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шымкент қаласын дамытудың және құрылысын салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), Шымкент қаласының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын, 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 498 қаулысымен
бекітілген

Шымкент қаласын дамытудың және құрылысын салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары

      Ағымдағы жағдай

      Шымкент қаласының аумағы – 116 280 га, халық саны 1 010,5 мың адамды (2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша) құрайды, халықтың орташа тығыздығы - 826,7 адам/км2.

      Соңғы 10 жылда халық санының қарқынды өсуіне қала аумағына жақын орналасқан аудандар елді мекендерінің қосылуы әсер етті, бұл қала аумағының 116 280 га дейін ұлғаюына ықпал етті, халық саны 1,0 миллионнан асты.

      2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала (мегаполис) мәртебесі берілді.

      Бүгінгі күні Шымкент қаласы инфрақұрылымы дамыған Қазақстанның өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады.

      Шымкент қаласының аумағында дәрілік заттар өндіретін "Химфарм" АҚ сияқты химия өнеркәсібінің; "Петро Казахстан Продактс" ЖШС мұнай өңдеу өнеркәсібі, "Бал Текстиль" ЖШС, "Azala Textile" ЖШС тоқыма өнеркәсібі; "Шымкентцемент" АҚ, "Стандарт-Цемент" ЖШС құрылыс индустриясының ірі кәсіпорындары, сондай-ақ мақта, күнбағыс, мақсары, соя өңдеу кәсіпорындары, тамақ өнеркәсібінде тазартылған май, сыра, салқындатқыш сусындар, сүт өнімдерін өндіру кәсіпорындары орналасқан. Сонымен қатар Шымкент қаласының аумағында орналасқан "Оңтүстік" АЭА тоқыма өнеркәсібін дамытуға ықпал етеді. Қалада инвестициялық ахуал мен әлеуетті жақсарту үшін, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін 2 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Мұнда металлургия, химия, фармацевтика және құрылыс өнеркәсібінің өнімдері шығарылады.

      Қаланың индустриялық аймақтарында 114,3 млрд.теңге сомасына 117 жоба іске асырылуда, оларда 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

      Индустриялық аймақтарда іске асырылған жобалардың жалпы саны 63-ке жетіп, оларға 41,9 млрд. теңге сомасына инвестиция тартылды және жаңа 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

      Қазіргі уақытта Шымкент қаласының даму ерекшеліктері:

      1. 2018 жылы ЖӨӨ 2 039,8 млрд. теңге болып, республика бойынша үлесі 3,4 % құрайды. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 2 077,5 мың теңгені құрайды.

      2. Шымкент қаласының аумағында автономдық жылыту жүйелері басым. 2018 жылы жылу трассаларының ұзындығы 411,7 км-ден 412,9 км-ге дейін ұзарды, ал газ құбырының ұзындығы 6 339,96 км құрап, 1 тұтынушыға орташа газ желілерінің 6,3 м келеді.

      3. Қала шетінде орналасқан елді мекендерде орталықтандырылған инфрақұрылым жүйелері дамымаған, экологиялық жағдайы (ҚТҚ 50 %-дан кем шығарылуда) мүшкіл, абаттандыру және көлік қызметтерін көрсету төмен жағдайда. Жеке тұрғын үй секторы пайдаланылатын тұрғын үйлердің 52 %-ын құрайды, бұл өз кезегінде субурбанизацияның өсуіне алып келеді. Атмосфера ластануының индексі 8-ге тең.

      4. Өнеркәсіп саласы қала экономикасында үлкен маңызға ие. Осы салада жұмыс істейтіндердің үлесі барлық жұмыспен қамтылған халықтың 7,3 % құрайды, ал оның жалпы өнімдегі үлесі – 26,5 %. Қалада 54 ірі және орта өндірістік кәсіпорын тіркелген және жұмыс істейді. Шымкент қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары арасында қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары ерекше дамыған (оның үлесі жалпы көлемнің 84,6 %-ын құрайды).

      5. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы ірі жұмыс берушілер, ғылым және білім беру, медицина объектілерінің негізгі бөлігі және басқа да қызмет көрсету объектілері шоғырланған елдің ірі урбандалған қалаларының үштігіне кіреді. Сондай-ақ қаланың Орталық Азияның ірі хаб қаласы болуға әлеуеті зор, өйткені қаржы институттары мен озық технологиялар бар, білім беру саласында кадрлар сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

      6. Бүгінгі күні Шымкентте 5 театр, 10 мәдениет үйі, 5 кітапхана, көрме орталығы, хайуанаттар бағы, дендропарк және басқа да мәдениет объектілері жұмыс істейді. Шымкент қаласының 2020 жылы ТМД мәдени астанасы ретінде жариялануына байланысты туристер мен келушілердің үлкен легі болжанады. Сондықтан жаңа мәдениет объектілерін салу және жұмыс істеп тұрған мәдениет объектілерін реконструкциялау қажет.

      7. Қала аумағында 7 мыңға жуық сауда, 1 мыңға жуық қоғамдық тамақтану объектілері, халыққа қызмет көрсету бойынша 1 178 объект және 33 базар жұмыс істейді, онда азаматтар негізінен оңайлатылған салық режимімен жұмыс істейді. Жоғарыда аталған сауда объектілерінде шамамен 31 мың адам жұмыс істейді.

      8. Шымкент қаласы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы логистикалық өзара қарым-қатынасты дамытудағы стратегиялық маңызды түйін болып табылады, сондай-ақ минералдық шикізат пен мұнай өңдеу өнімдерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін (мақта талшығы, мата, сыра, темекі өнімдері), фармацевтикалық өнімдерді, электротехникалық және машина жабдықтарын ірі өндіруші және жеткізуші болуға әлеуеті бар.

      МАҚСАТТАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ

      Кешенді жоспардың басты мақсаты аумақ құрылысын жинақы салу және қала халқының өмірі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

      Қойылған мақсатты шешу үшін мына міндеттерді шешу көзделеді:

      Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету;

      Көпқабатты үйлер мен әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салу;

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту;

      Тарихи-мәдени объектілерді реконструкциялау;

      Ескі тұрғын үйлерді бұзу.



Р/с

 
Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімі
 
Болжамды шығыстар *
(млн. теңге)
Қаржыландыру көздері
1 2 3 4 5 6 7
I. Көлік инфрақұрылымы

1.     

А-2 автомобиль жолын реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

4 614,0

РБ

2021

4 500,0

2022

4 517,2

2023

6 844,8

2020

512,7

ЖБ

2021

500,0

2022

501,9

2023

760,5

2.     

Қонаев даңғылының жалғасын салу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

9 294,3

РБ

2021

5 400,0

2022

7 232,1

2023

6 354,9

2020

1 032,7

ЖБ

2021

600,0

2022

803,6

2023

706,1

3.     

Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысында жолайрығын салу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

900,0

РБ

2021

2 700,0

2020

100,0

ЖБ

2021

300,0

4.     

Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында жолайрығын салу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

900,0

РБ

2021

2 250,0

2022

2 250,0

2020

100,0

ЖБ

2021

250,0

2022

250,0

5.     

Бәйдібек би-Арғынбеков-Назарбеков-Астана даңғылдарының қиылысында жолайрығын салу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2021

1 800,0

РБ

2022

1 800,0

2023

2 250,0

2021

200,0

ЖБ

2022

200,0

2023

250,0

6.     

Бәйдібек би-Төлеметов даңғылдарының қиылысында жолайрығын салу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

900,0

РБ

2021

1 125,0

2022

1 125,0

2020

100,0

ЖБ

2021

125,0

2022

125,0

7.     

Оңтүстік бөлікте айналма жол салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі, ИИДМ

2020

1 500,0

МЖӘ

2021

2 000,0

2022

2 996,0

2023

2 999,3

8.     

Оңтүстік-Шығыс айналма жолын салу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

450,0

РБ

2021

900,0

2022

1 125,0

2023

1 125,0

2020

50,0

ЖБ

2021

100,0

2022

125,0

2023

125,0

9.     

Шымкент қаласында жоспарланған Оңтүстік айналма автомобиль жолында автожол көпірін салу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2019

632,8

РБ

2019

122,9

ЖБ

10.     

Әуежай аумағында жаңа жолаушылар терминалын салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі, ИИДМ

2019

9 620,0

ЖИ

2020

9 620,0

11.     

Теміржол вокзалын реконструкциялау**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі, "ҚТЖ" АҚ, ИИДМ

2019

4 200,0

ЖИ


Жиыны




111 865,8
II. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Жылумен жабдықтау

12.     

ӘІО-160Гкал қазандығынан АҚ-1-ге дейін магистральдық жылу желісін салу, 2-кезек

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

1 572,0

РБ

2021

1 000,0

13.     

РК-1 сорғы станциясын реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

400,0

РБ

2021

300,0

14.     

Адырбеков көшесіндегі ЖҚ-4-тен Желтоқсан көшесіндегі Жедел жәрдем станциясына дейін магистральдық жылу желілерін салу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

122,0

РБ

15.     

Шымкент қаласының солтүстік бөлігіндегі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

2 999,6

РБ

16.     

Алдияров көшесіндегі ЖҚ-19-дан "Цементников" ауылының Адырбеков көшесіндегі "Бойлерный" дейінгі магистральдық жылу желісін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

455,3

РБ

17.     

ЖҚ-4-тен Гоголь көшесіндегі СС-3-ке дейін, Адырбеков көшесіндегі СС-2-ден ЖҚ-4-ке дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

1 542,1

РБ

18.     

Адырбеков көшесіндегі ЦТП-дан ЖҚ-4-ке дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

1 731,3

РБ

19.     

Адырбеков көшесіндегі ЖҚ-24-тен Ғ.Иляев көшесіндегі ЖҚ-27-ге дейінгі Ø-720мм магистральдық жылу желісін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

370,0

РБ

20.     

Адырбеков көшесі ЖҚ-20-дан Тәукехан даңғылы ЖҚ-24-ке дейінгі Ø-720мм құрайтын магистральдық жылу желісін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

360,5

РБ

21.     

К-1, К-16, ЕДЖ сорғы станцияларын реконструкциялау, 4-кезек

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

850,0

 
РБ

2021

500,1

22.     

Гагарин көшесіндегі ЖҚ-7а-дан Абай даңғылындағы Громов көшесі бойында ЖҚ-7-ге дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2021

1 200,0

РБ

23.     

Амангелді көшесіндегі "Амангелді" және Гагарин көшесіндегі "Гагарин" сорғы станциясын реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2021

870,5

РБ

24.     

Тоқаев көшесіндегі ЖҚ-25-тен Түркістан көшесіндегі ЖҚ-25 дейінгі Ø-530мм магистральдық жылу желілерін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2021

1 900,0

 
РБ

2022

1 028,6

25.     

Қаратөбе тас жолындағы К-4 және 18 ш/а СС-4 сорғы станцияларын реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2022

711,6

РБ

26.     

Солтүстік шағын ауданындағы және Республика даңғылындағы ПНС-5 сорғы станцияларын реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2021

450,0

 
РБ

2022

428,9

27.     

Адырбеков көшесіндегі ЖҚ-16-дан ЖҚ-19-ға дейінгі Ø-720мм магистральдық жылу желісін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2023

1 820,2

РБ

28.     

1-ші кезектегі ЖҚ-6-дан Жансүгіров көшесіндегі ЖҚ-7-ге дейінгі Ø-720мм магистральдық жылу желісін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2023

444,5

РБ

29.     

Әйтеке би көшесіндегі ЖҚ-12-ден Түркістан көшесіндегі ЖҚ-25-ке дейінгі Ø-630мм және Ø-530мм магистральдық жылу желісін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2023

725,4

РБ

30.     

ӘІО-160 Гкал қазандығын жаңғырту, ІІІ-кезектегі

пайдалануға беру актісі

ЭМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2021

736,5

РБ

2021

81,8

ЖБ


Жиыны




22 600,9
Газбен жабдықтау

31.     

Қаланың газбен жабдықтау жүйесін салу

пайдалануға беру актісі
 

ЭМ, ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2020

1 500,0

РБ

2021

2 164,6

2022

3 764,0

2023

3 500,0

2020

1 975,8

ЖБ

2021

488,6

2022

167,3

2023

182,6


Жиыны




13 742,9
Электрмен жабдықтау

32.     

Асар-2 т/а ЖВЖ-110 кВ жүргізу желісі бар 110/10 кВ "1-М-1" ҚС салу

пайдалануға беру актісі

ЭМ, ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2019

1 800,0

РБ

2020

1 000,0

2021

3 851,2

2019

200,0

ЖБ

2020

166,0

2021

200,0

33.     

Құрсай т/а ЖВЖ-110 кВ жүргізу желісі бар110/35/10 кВ "Ақжар" ҚС салу

пайдалануға беру актісі

ЭМ, ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2019

1 795,0

РБ

2020

2 317,8

2021

4 544,1

2019

200,0

ЖБ

2020

300,0

2021

262,4

34.     

"Оңтүстік-3,4" тұрғын алабында 220 кВ жүргізу желісімен 220/110/10 кВ "Южная" ҚС салу

пайдалануға беру актісі

ЭМ, ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі
 

2021

1 350,0

РБ

2022

2 700,0

2023

3 735,0

2021

150,0

ЖБ

2022

300,0

2023

415,0

35.     

220/110/10 кВ "Бозарық" ҚС-тан 220/110/10 кВ "Южная" ҚС-қа дейін 220 кВ әуе желісін салу

пайдалануға беру актісі

ЭМ, ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі
 

2020

540,0

РБ

2021

900,0

2022

540,0

2020

60,0

ЖБ

2021

100,0

2022

60,0

36.     

Ынтымақ-2 тұрғын алабында 110/10 кВ "Ынтымақ" (1-М-2) ҚС салу

пайдалануға беру актісі

ЭМ, ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2021

450,0

РБ

2022

1 350,0

2023

3 357,0

2021

50,0

ЖБ

2022

150,0

2023

373,0

37.     

Қызылсу т/а ЖВЖ-220 кВ жүргізу желісімен "Қызылсу" 220/110/10 кВ ҚС салу

пайдалануға беру актісі

ЭМ, ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2021

450,0

РБ

2022

1 350,0

2023

5 859,0

2021

50,0

ЖБ

2022

150,0

2023

651,0

38.     

Шымкент қаласының 220/110/10 кВ "Бозарық" ҚС 220 кВ ҚС салу

пайдалануға беру актісі

ЭМ, ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі
 

2019

1 000,0

РБ

2019

100,0

ЖБ

39.     

Қуаты 450 МВт/сағ. электр энергиясын өндіретін бу-газ қондырғысының құрылысы

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі, ЭМ

2021

57 000

ЖИ

2022

67 000

2023

66 000


Жиыны




232 826,5
Сумен жабдықтау

40.     

Сумен жабдықтау жүйесін салу

пайдалануға беру актісі
 

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2019

900,0

РБ

2020

3 762,9

2021

3 553,5

2022

5 253,0

2023

5 110,2

2019

279,5

ЖБ

2020

408,4

2021

526,7

2022

336,0

2023

513,8


Жиыны




20 644,0
Су бұру

41.     

Су бұру жүйесін салу

пайдалануға беру актісі
 

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2019

300,0

РБ

2020

6 256,9

2021

21 852,5

2022

21 887,0

2023

15 301,0

2019

34,5

ЖБ

2020

668,1

2021

2 459,0

2022

2 210,5

2023

1 916,5


Жиыны




72 886,0
III.Тұрғын үй құрылысы

42.     

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу, реконструкциялау және (немесе) сатып алу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2019

4 768,0

РБ
 

2020

3 803,3

2021

1 929,4

2022

1 929,4

2023

1 929,4

2019

200,0

ЖБ

2020

192,9

2021

192,9

2022

192,9

2023

192,9

43.     

Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу, реконструкциялау және (немесе) сатып алу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2019

2 160,0

РБ

2020

2 160,0

2021

2 160,0

2019

216,0

ЖБ

2020

216,0

2021

216,0

44.     

Кредиттік тұрғын үйлер (көпқабатты) салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі, "Бәйтерек" ҰБХ" (келісу бойынша), ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ

2019

21 651,0

ЖИ

2020

15 477,0

2021

58 000,0

2022

55 000,0

2023

55 000,0

45.     

Жеке инвесторлар есебінен тұрғын үйлер (көпқабатты) салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2019

4 300,0

ЖИ

2020

20 000,0

2021

154 000,0

2022

50 000,0

2023

50 000,0

46.     

Тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, ЭМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2019

3 652,5

РБ

2020

2 238,5

2021

5 882,4

2022

900,0

2023

900,0

2019

379,3

ЖБ

2020

209,8

2021

588,1

2022

90,0

2023

90,0

47.     

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылым салу

пайдалануға беру актісі

ҰЭМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2019

1 250,0

РБ

2020

2 755,6

2021

2 954,8

2022

1 790,8

2019

125,0

ЖБ

2020

389,5

2021

352,3

2022

205,6

48.     

Ескі тұрғын үйлерді бұзу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, көпқабатты тұрғын үй кешендерін және әлеуметтік объектілерді салуға жер учаскелерін алып қою

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі, Қаржымині, АШМ

2019

6 000,0

ЖБ

2020

5 000,0

2021

2 000,0

2022

1 000,0

2023

1 000,0


Жиыны




545 641,3
IV. Білім беру жүйесін дамыту

49.     

Жаңа Тұрлан ш/а 600 орындық мектеп салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2020

1 500,0

МЖӘ

50.     

Ынтымақ-2 ш/а 600 орындық мектеп салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2020

1 800,0

МЖӘ

51.     

Елтай ш/а 600 орындық мектеп салу

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2020

1 500,0

ЖБ

52.     

Ақжар ш/а 600 орындық мектеп салу

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2021

1 500,0

ЖБ

53.     

Тұран ш/а 1200 орындық мектеп салу

пайдалануға беру актісі

БҒМ, Қаржымині,
Шымкент қаласының әкімдігі

2019

587,3

РБ

2019

92,9

ЖБ

54.     

Әкімшілік-іскерлік орталықта 1200 орындық мектеп салу

пайдалануға беру актісі

БҒМ, Қаржымині,
Шымкент қаласының әкімдігі

2019

200,0
 

РБ

2019

89,6

ЖБ

55.     

Қызылжар т/а 900 орындық мектеп салу

пайдалануға беру актісі

БҒМ, Қаржымині,
Шымкент қаласының әкімдігі

2019

856,7

РБ

2019

42,1

ЖБ

56.     

Шаңырақ т/а 600 орындық мектеп салу

пайдалануға беру актісі

БҒМ, Қаржымині,
Шымкент қаласының әкімдігі

2019
 

959,5

РБ

2019

24,4

ЖБ

57.     

Самал-3 ш/а № 6 емхананың жанынан 1200 орындық мектеп салу

пайдалануға беру актісі

БҒМ, Қаржымині,
Шымкент қаласының әкімдігі

2019

500,0

РБ
 

2020

996,3

2021

242,6

2019

20,0

ЖБ

2020

60,0

2021

63,6

58.     

№ 23 мектепке жапсаржай салу

пайдалануға беру актісі

БҒМ, Қаржымині
Шымкент қаласының әкімдігі

2019

758,2

РБ

2019

20,0

ЖБ

59.     

Асар-2 ш/а 1200 орындық мектеп салу

пайдалануға беру актісі

БҒМ, Қаржымині,
Шымкент қаласының әкімдігі

2019

903,7

РБ

2020

903,7

2019

1,0

ЖБ

2020

121,0

60.     

Сайрам т/а 300 орындық мектеп салу

пайдалануға беру актісі

БҒМ, Қаржымині,
Шымкент қаласының әкімдігі

2019

918,5

РБ

2019

1,0

ЖБ

61.     

Мирас ш/а № 85 мектепке 1000 орындық жапсаржай салу **

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2019

900,0

ЖИ

2020

900,0

62.     

Тұран ш/а (8 га) студенттерге арналған жатақхана салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі, БҒМ

2022

17 000,0

ЖИ

63.     

Самал-3 ш/а 1200 орындық мектеп салу

пайдалануға беру актісі

БҒМ, Қаржымині,
Шымкент қаласының әкімдігі

2019

849,0

РБ

2020

899,0

2019

77,0

ЖБ

2020

60,0


Жиыны




35 347,1
V. Спорт жүйесін дамыту

64.     

"Металлург" стадионын реконструкциялау**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі, МСМ

2020

500,0

МЖӘ

2021

1 000,0

2022

3 700,0

65.     

Қажымұқан атындағы орталық стадионды реконструкциялау (жаңғырту) **

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі, МСМ

2020

25 000,0

МЖӘ

66.     

Шымкент Сити т/а көп функционалды спорт кешенін салу **

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі, МСМ

2019

7 000,0

МЖӘ

2020

7 250,0

2021

7 250,0


Жиыны




51 700,0
VI. Мәдениет жүйесін дамыту

67.     

Конгресс-орталығын салу

пайдалануға беру актісі

МСМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2019

4 500,0

РБ

2020

4 500,0

2019

500,0

ЖБ

2020

500,0

68.     

"Цитадель" музейін салу

пайдалануға беру актісі

МСМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2019

1 422,0

РБ

2020

5 688,0

2019

158,0

ЖБ

2020

632,0


Жиыны




17 900,0
VII. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту

69.     

"Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" акционерлік қоғамы жанынан Шымкент қаласында 1000 төсектік көп бейінді аурухана салу" жобасын іске асыру **

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2021

40 000,0

ЖИ

2022

40 000,0

2023

40 000,0

70.     

Игілік елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2020

150,0

МЖӘ

71.     

Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2020

120,0

МЖӘ

72.     

Жиделі елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2020

100,0

МЖӘ

73.     

Қайнарбұлақ ІІ елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2020

120,0

МЖӘ

74.     

Асар ІІ елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2020

100,0

МЖӘ

75.     

Қызыл су елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2020

100,0

МЖӘ

76.     

Тассай елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2021

120,0

МЖӘ

77.     

Тәжірибе елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2021

120,0

МЖӘ

78.     

Қызылсай елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2021

120,0

МЖӘ

79.     

Достық елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2021

120,0

МЖӘ

80.     

Шаңырақ елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2021

100,0

МЖӘ

81.     

Ибрагим ата елді мекенінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының құрылысы**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2021

1 150,0

МЖӘ

82.     

Сайрам елді мекенінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының құрылысы**

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2023

1 150,0

МЖӘ


Жиыны




123 570,0
VIII. Абаттандыруды дамыту

 
83.     

Қошқарата өзенін Ордабасы алаңынан Жангелдин көшесіне дейін (І кезек) және Жангелдин көшесінен Республика даңғылына дейін (ІІ кезек) абаттандыру

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2019

4 726,1

ЖБ

2020

2 113,0

2021

2 113,0

84.     

Велосипед және соқпақ жол желісін салу (374 км)

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2019

1 200,0

ЖБ

2020

1 550,0

2021

1 790,0

2022

2 312,1

2023

2 100,0

85.     

Қала аумағында 2019-2023 жылдары көшеттердің санын 5460,0 данаға және жасыл аймақтарды 13000 га арттыру
 

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2019

919,2

ЖБ

2020

919,2

2021

919,3

2022

919,3

2023

919,3

86.     

Шымкент сити т/а 47 га саябақ салу
 

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2021

1 000,0

ЖБ

2022

2 000,0

2023

5 600,0


Жиыны




31 100,5
IX. Қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету

87.     

Шымкент қаласы полиция департаментінің бірыңғай байланыс орталығын салу

пайдалануға беру актісі

Шымкент қаласының әкімдігі

2020

1 000,0

ЖБ


Жиыны




1 000,0
X. Индустриялық аймақтарды дамыту

88.     

"Шымкент" агроиндустриялық аймағының инженерлік инфрақұрылымын салу

пайдалануға беру актісі

ҰЭМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2021

360,0

РБ

2022

900,0

2021

40,0

ЖБ

2022

100,0

89.     

"Жұлдыз" индустриялық аймағының 76,2 га инженерлік инфрақұрылымын салу

пайдалануға беру актісі

ҰЭМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі

2021

400,0

РБ

2022

773,8

2021

44,4

ЖБ

2022

86,0


Жиыны




2 704,2



Қаржыландыру көздері

2019

2020

2021

2022

2023

Барлығы

Республикалық бюджет

30 713,2

66 783,1

78 677,2

63 356,4

59 256,4

298 786,3

Жергілікті бюджет

15 728,5

19 937,1

17 263,1

12 285,2

15 795,7

81 009,6

Жеке инвестициялар

40 671,0

45 997,0

309 000,0

229 000,0

211 000,0

835 668,0

МЖӘ

7 000,0

38 240,0

11 980,0

6 696,0

4 149,3

68 065,3

ЖИЫНЫ

94 112,7 170 957,2 416 920,3 311 337,6 290 201,4 1 283 529,2


      Кешенді жоспарды іске асырудан 2023 жылы мынадай нәтижелер күтіледі:

      1. ЖӨӨ

      2023 жылға қарай қаланың ЖӨӨ болжамды 1,75 есе өседі немесе номиналды түрде 3,5 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды деп болжануда. ЖӨӨ құрылымында 2023 жылы өнеркәсіп (24,7 %), көлік және қоймалау (11,2 %), сауда (17,1 %) және құрылыс (5,0 %) басым болады. Сонымен қатар сауда, көлік және байланыс үлесі ұлғаяды.

      2. Ауыл шаруашылығы

      2023 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2,5 есе ұлғаяды және ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы өнімі 63 млрд. теңгені, нақты көлемінің индексі – 103,7 % құрайды, еңбек өнімділігі 2,1 есе ұлғаяды.

      3. Денсаулық сақтау

      Денсаулық сақтау саласындағы объектілерді салу 70 мыңға жуық халықты қосымша қамтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бекітілген халыққа профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін қолжетімділікті, тиімділікті және білікті, мамандандырылған және жедел медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға, халықтың денсаулығын, медициналық қызметтер көрсету сапасын жақсартуға және 100 мың халыққа шаққанда өлім-жітімді 4,4-тен 4,1-ге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жалпы орташа өмір сүру ұзақтығы 73,5 жасқа дейін ұлғаяды.

      4. Көліктік және инженерлік инфрақұрылым

      2023 жылы жалпы жолдардың ұзындығынан қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 53,7 %-дан 59,4 %-ға дейін ұлғаяды. Көлік кептелісі азаяды және қаланың орталық бөлігі босайды, көшелердің өткізу қабілеті 2018 жылмен салыстырғанда 50 000 авт/тәул.-тен 80 000 авт/тәул.-ке дейін артады.

      5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

      2023 жылы халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуі 93 %-дан 98 %-ға дейін, ал су бұру жүйесіне қолжетімділік 49,1 %-дан 75 %-ға дейін өседі.

      Шымкент қаласы халқының табиғи газбен қамтылуы 91,6 %-дан 98 %-ға дейін өседі.

      11 қосалқы станцияның және ішкі жеткізу желілерін салу халықтың сапалы және тұрақты электрмен жабдықтауға қолжетімділік деңгейін 88,9 %-дан 96,2 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

      Қазандықтарды салу және жылу желілерін реконструкциялау жылу беру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылу желілерінің тозуы 47,2 %-дан 37,3 %-ға дейін азаяды.

      6. Тұрғын үй

      2023 жылды қоса алғанда, барлық қаржыландыру көздері есебінен 319 көпқабатты үй салу жоспарлануда (20 794 пәтер немесе 2109,3 мың м2), бұл 20 794 отбасын жеке тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

      2023 жылы тұрғын үймен қамту 1 адамға шаққанда 24,2 шаршы метрден (2017 ж.) 27,1 шаршы метрге дейін ұлғаяды.

      7. Білім беру

      Білім беру объектілерін салу нәтижесінде қосымша 23500-ге жуық орын пайдалануға беріледі және бұл 2023 жылға қарай жұмыс істеп тұрған 19 үш ауысымды мектепті толық қысқартуға мүмкіндік береді.

      8. Спорт

      Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарды қамту 2023 жылы 30 %-ға жетеді. Спорттық объектілерді дамыту азаматтардың денсаулығына жағымды әсер тигізеді, халықтың басым бөлігін бұқаралық спортқа тартуға ықпал етеді, республикалық, сол сияқты халықаралық спорт жарыстарында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

      9. Мәдениет

      Мәдениет объектілерін салу және реконструкциялау қазақтардың тарихи-мәдени мұрасын, көне қалашық ретінде Цитадельді музей түрінде жаңғыртуға мүмкіндік береді және бұл қаланың сәулеттік келбеті мен мәдениетін жақсартуға өз үлесін қосады.

      2020 жылы Шымкент қаласы ТМД-ның мәдени астанасы болып жарияланды. Фестивальдар, форумдар, концерттер қою, қойылымдар өткізу, "Наурыз" ұлттық мерекесін тойлау, "Этно-ауыл" жобасын ашу жоспарлануда. Туристердің көптен келуі жоспарланып отыр.

      10. Өнеркәсіп

      Шымкент өнеркәсіптік-индустриялық қалаға айналады, жобаларды іске асыру нәтижесінде 2023 жылға қарай өнеркәсіп өндірісінің көлемі номиналды түрде 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғаяды және 851 млрд. теңгені, оның ішінде тау-кен өндіруде – 0,8 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібінде – 693 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібі өнімін өндірудің НКИ – 105 %, оның ішінде тау-кен өндіру – 102,5 %, өңдеу өнеркәсібі – 104 % құрайды.

      Жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындардың толық жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі және 4 500 жұмыс орны құрылатын болады.

      11. Халықты әлеуметтік қорғау

      Өнеркәсіптің өсуіне байланысты 2023 жылға қарай жұмыссыздықтың 5,1 %-дан 4,9 %-ға дейін төмендеуі күтілуде, 120,1 мың адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі, оның ішінде жұмыссыздар – 45 мың адам (37,5 %), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 75,1 мың адам (62,4 %).

      12. Туризм

      Мәдениет объектілерін салу және реконструкциялау, сондай-ақ жаңа ірі туристік объектілерді құру, туризмнің түрлерін дамыту нәтижесінде тартылатын туристердің саны ұлғаяды.

      Нәтижесінде 2023 жылға дейін туристер саны болжаммен 5 есеге (900 мыңға дейін), орналастыру объектілерінің саны 5 %-ға, көрсетілген қызметтердің көлемі 70 %-ға, инвестиция көлемі 5 есеге артады.

      Кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу нәтижесінде қала аумағының құрылысын жинақы салу және оны оңтайландыру қамтамасыз етілетін болады. Инженерлік-көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды тиімді пайдалануға қол жеткізу және халық үшін қолайлы және жайлы жағдайлар жасау күтілуде.

      Ескертпе:

      * - республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі Шымкент қаласының әкімдігі тиісті жоспарлы кезеңге қажетті құжаттаманы бюджет заңнамасына сәйкес ұсынған кезде республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады;

      ** - жеке инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі объектілерді салу барысында нақтыланатын болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ИИДМ– Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      АҚ – акционерлік қоғам

      АҚ – аудандық қазандық

      ЖБ – жергілікті бюджет

      ЖВЖ – жоғары вольтты желі

      ЖИ – жеке инвестициялар

      ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім

      ЖҚ – жылу құдығы

      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      ЖЭО – жылу энергетикалық орталығы

      ҚС – қосалқы станция

      МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік

      НКИ – нақты көлем индексі

      РБ – республикалық бюджет

      СС – сорғы станциясы

      ТҮКШ – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

      ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

      т/а – тұрғын алап

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады