ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінің басшысын (Ұлттық хатшысын) тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 553 қаулысы

      1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа–Кавказ–Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімнің 9-бабына және 2010 жылғы 13 қазандағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы бекіткен ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығы туралы ереженің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рустан Жанатұлы Дженалинов ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінің басшысы (Ұлттық хатшысы) болып тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығын хабардар етсін.

      3. "ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінің басшысын (Ұлттық хатшысын) тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 255 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады