"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 586 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясын бекіту туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 2018 жылғы 28 қыркүйекте Душанбеде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясы бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы № Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы
КОНВЕНЦИЯСЫ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуы үшін ғарыш ғылымының, техниканың және ғарыштық технологиялардың зор мәнін назарға ала отырып,

      ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда одан әрі зерттеуге және пайдалануға ортақ мүдделілікті мойындай отырып,

      ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану, сондай-ақ ғарыш техникасы мен ғарыштық технологияларды өз мемлекеттері халқының игілігіне қолдану саласында ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,

      ғылыми-техникалық және өндірістік кооперацияға негізделген ғарыш қызметі саласындағы мақсатты халықаралық ынтымақтастықтың іс жүзіндегі маңыздылығы мен әлеуетті өзара тиімді пайданы мойындай отырып,

      1967 жылғы 27 қаңтардағы Айды және басқа аспан денелерін қоса алғанда, ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану жөніндегі мемлекеттер қызметінің қағидаттары туралы шарттың және 1972 жылғы 29 наурыздағы Ғарыш объектілері келтірген залал үшін халықаралық жауапкершілік туралы конвенция ережелерінің маңыздылығын мойындай отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшін мынадай терминдер пайдаланылады:

      ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау - табиғи параметрлер мен құбылыстардың, табиғи ресурстардың, қоршаған ортаның, сондай-ақ антропогенді факторлар мен түзінділердің орналасқан жерін анықтау, сипаттамасы мен уақытша құбылмалығын бейнелеу мақсатында электр магниттік толқындардың әртүрлі диапазонындағы құрлықтың, мұхит пен атмосфера элементтерінің өзінің және шағылысқан сәулеленуін ғарыштан байқау және өлшеу жолымен Жердің бетінен ақпарат алу процесі;

      координаттық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз ету - тұтынушы кеңістік пен уақытта айқындалған міндеттерді шешу немесе мақсаттарға жету кезінде пайдаланатын немесе ескеретін объектілер мен процестердің кеңістіктік-уақыттағы күйі мен қатынастары туралы өзіне қажет барлық деректерді алу мақсатында орындалатын операциялар;

      ғарыш қызметі - Айды және басқа да аспан денелерін қоса алғанда, ғарыштық ортаны зерттеу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды тікелей жүргізумен байланысты кез келген қызмет;

      ғарыш инфрақұрылымы - ғарыш қызметін қамтамасыз етуге арналған объектілер кешені;

      ғарыш техникасы - дайындық объектілерінің (старт кешендері, тасымалдағыш әуе кемесі), шығару-қону құралдарының (тасымалдағыш зымырандар, екпіндеткіш блоктар, шығару құралдары мен ғарыш аппараттарының құрамдас бөліктерін қондыру жүйесі) және ғарыш аппараттарын пайдалану жүйелерінің жиынтығы;

      ғарыштық технологиялар - ғарыш техникасын жасау және тиісті қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын әдістер, процестер мен материалдар жиынтығы;

      ғылыми-техникалық әлеует - қоғам алдында тұрған ғылыми-техникалық даму міндетгерін шешуге арналған кадрлық және ұйымдық, материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық ресурстар жиынтығы;

      қолданбалы ғарыштық зерттеулер - практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндетгерді шешу үшін ғарыш саласында жаңа білім алуға және қолдануға бағытталған зерттеулер;

      бірлескен қызмет - осы Конвенция шеңберінде Тараптардың ғарыш кеңістігін зерттеумен және пайдаланумен, ғарыш техникасы мен технологияларын бейбіт мақсаттарда пайдаланумен байланысты қызметі;

      іргелі ғарыштық зерттеулер - ғарыш кеңістігі туралы жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік және теориялық қызмет.

2-бап

      Тараптардың ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастығы халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес және Тараптардың әрқайсысының заңнамасын сақтаумен жасалған мемлекетаралық, үкіметаралық шарттар мен ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.

      Конвенция шеңберінде бірлескен қызметті жүзеге асыру тәртібі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жеке үкіметаралық келісімімен ретгеледі, онда сонымен бірге технологияларды, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, ақпарат алмасу, экспорттық бақылау, кедендік реттеу, Тараптардың жауапкершілігі, Ғарыш жөніндегі мемлекетаралық кеңес қызметі мәселелері қаралады.

3-бап

      Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың мақсаттары:

      ғарыш техникасы мен технологияларын, ғарыш қызметінің нәтижелерін тиімді пайдалану арқылы Тараптардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету;

      ғарыш қызметі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру кезінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қаржы, ғылыми-техникалық, өндірістік және зияткерлік ресурстарын біріктіруден экономикалық әсер мен сапалы басымдықтар алу;

      Тараптардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен ғарыш инфрақұрылымын дамыту;

      Жер және ғарыш кеңістігі туралы білімді жетілдіру және жинау болып табылады.

4-бап

      Ғарыш кецістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:

      Тараптардың тең құқықтығы мен өзара пайда;

      ғылыми және техникалық ақпаратты, ғылым, техника және ғарыш технологияларының түрлі салаларындағы эксперименттік деректерді, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін және материалдарды өзара алмасу;

      ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы күштерді, құралдар мен ғылыми-техникалық әлеуетті біріктіру;

      ғарыштық технологиялар мен тиісті керсетілетін қызметтердің халықаралық нарығында әріптестік пен бірлескен қызметтің әртүрлі нысандарын дамыту;


5-бап

      Тараптар:

      астрофизикалық зерттеулерді, планеталар мен астероидты-кометалық қауіпті зерделеуді қоса алғанда, іргелі және қолданбалы ғарыштық зерттеулер;

      ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау;

      координаттық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз ету;

      ғарыш қоқысын кәдеге жарату проблемаларын шешу;

      астероидты-кометалық қауіпті болғызбау;

      ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

      ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, тәжірибелік-технологиялық және ғарыш техникасымен және ғарыш инфрақұрылымымен байланысты басқа да жұмыстар;

      басқарылатын ғарыштық ұшулар;

      тиісті көрсетілетін қызметтерді ұсыну және пайдалану;

      ғарыш саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау;

      Тараптардың ғарыш қызметі саласындағы ұлттық нормативтік құқықтық және техникалық құжаттарын үйлестіру бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

      Тараптар ынтымақтастықтың өзге бағыттарын қосымша келісе алады.

      Тараптар ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеудің және пайдаланудың ғылыми-техникалық және халықаралық-құқықтық проблемаларын шешуге бағытталған халықаралық күш салуға ықпал етеді, және осы салада өзара ынтымақтастық жасайды.

6-бап

      Тараптар ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану жөніндегі бірлескен қызметті мемлекетаралық жобалар мен бағдарламалар негізінде жүзеге асырады.

7-бап

      Тараптардың бірлескен қызметін үйлестіруді ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласында ТМД салалық ынтымақтастығы органы болып табылатын Мемлекетаралық ғарыш кеңесі жүзеге асырады.

8-бап

      Мемлекетаралық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды мүдделі Тараптар ұлттық бюджеттерде көзделген қаражат және бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырады.

9-бап

      Осы Конвенцияны түсіндіру және қолдану кезінде туындауы мүмкін Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

10-бап

      Тараптардың келісімі бойынша осы Конвенцияға оның ажырамас бөлігі болып хабылатын, тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

11-бап

      Осы Конвенция, оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Конвенция депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

12-бап

      Осы Конвенция ТМД-ға қатысушы кез келген мемлекеттің қосылу туралы құжаттарды депозитарийге беру арқылы қосылуы үшін ашық.

      Қосылушы мемлекет үшін Конвенция:

      а) қосылу туралы құжатты депозитарийге тапсырған сәтте Конвенция күшіне енген жағдайда, депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30 күн өткен соң;

      б) қосылу туралы құжаттарды депозитарийге тапсырған сәтте Конвенция күшіне енбеген жағдайда, Конвенция күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

13-бап

      Осы Конвенцияның 11 және 12-баптарында айқындалған тәртіппен осы Конвенция күшіне енген Тараптар арасындағы қарым-қатынастарға:

      1991 жылғы 30 желтоқсандағы Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісімнің;

      1992 жылғы 15 мамырдағы Ғарыштық бағдарламаларды орындау мүддесінде ғарыштық инфрақұрылым объектілерін ұстау және пайдалану тәртібі туралы келісімнің күші жойылады.

14-бап

      Осы Конвенция белгіленбеген мерзімге жасалады.

      Әрбір Тарап шығу күніне дейін кемінде 12 айдан кешіктірмей өзінің осындай ниеті туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Конвенциядан шығуға құқылы.

      2018 жылғы 28 қыркүйекте Душанбе қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемтекттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Конвенцияға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайды.

      Әзербайжан Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
      Армения Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
      Түрікменстан үшін Беларусь Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
      Украина үшін Қырғыз Республикасы үшін
      Молдова Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады