Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 683 қаулысы


      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балансынан мына мүлік:

      1) Атырау облысы, Атырау қаласы, Нұрсая шағын ауданы, № 65 үй, № 7 пәтер мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 65,3 шаршы метр, тұрғын алаңы 35,4 шаршы метр пәтер;

      2) Атырау облысы, Атырау қаласы, Нұрсая шағын ауданы, № 60 үй, № 44 пәтер мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 54,7 шаршы метр, тұрғын алаңы 25,1 шаршы метр пәтер "Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады