Байланыс формасы

"Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 684 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 341-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) мемлекеттік саяси қызметшілер, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, сондай-ақ "Б" корпусының А-1, А-2, В-1, В-2, С-1, С-2, С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін квазимемлекеттік сектор және/немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінде басшы лауазымдарда немесе нақты мемлекеттік лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;";

      мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Осы Қағидалардың 3-тармағының 8-1) тармақшасында көрсетілген ірі кәсіпкерлік субъектісіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат ірі кәсіпкерлік субъектісі мына өлшемшарттардың біріне немесе екеуіне сәйкес келетіні: жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатыны туралы мәлімет болып табылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады